Түркиядан Қытайға рейс басталды

2020 жылдың наурыз айында жүзеге асырыла бастаған шекаралық бақылау шаралары алынып тасталды.

1930685
Түркиядан Қытайға рейс басталды

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індеті басталғаннан кейін Стамбулдан Қытайға алғашқы рейс жасалды. Осылайша  2020 жылдың наурыз айында жүзеге асырыла бастаған шекаралық бақылау шаралары алынып тасталды.

Карантин аяқталғаннан кейін 8 қаңтарда Қытайдағы әуежайларға алғашқы халықаралық рейс басталды. Түркиядан да алғашқы жоспарлы рейс игерілді.

Қытайдың «China Southern Airlines» әуе компаниясы пандемиядан кейін 240 жолаушымен Стамбулдан Гуанчжоуға алғашқы рейсін жасады.

Алғашқы рейстің салтанатты рәсімінде сөйлеген сөзінде «IGA» Авиацияны дамыту жөніндегі директоры Маджид Хан Уханнан кейін Стамбулдан Гуанчжоуға рейс басталғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар