Түркия экспортта рекорд жаңалады

Сауда министрі Мехмет Муш Түркияның экспортта рекордтар жаңартып, тарих жазуды жалғастыратынын айтты.

1926690
Түркия экспортта рекорд жаңалады

Сауда министрі Мехмет Муш Стамбулдағы жиналыста 2022 жылғы сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады. Муш сөзінде Түркияның  арт-артынан рекорд жаңартқанын баяндап, бұл табыстарға әлемдік саудада белгісіздік пен тоқырау кезінде қол жеткізілгенін атап өтті.

Түркияның өсуде алдыңғы қатарлы елдердің арасында өз орнын алғанын түсіндірген министр Муш елдің 2022 жылға арналған болжамды 5 пайыздық өсу көрсеткішімен дамыған және даму жолындағы елдердің орташа көрсеткішінен әлдеқайда жоғары өсу көрсеткішіне қол жеткізгенін айтты.

Мехмет Муш Сауда министрлігі ретінде экспортты жалғастыру, Түркияның әлемдік саудадағы үлесін арттыруды тұрақтандыру және экспорттаушылардың әлемдік нарықтардағы лайықты орнын нығайту үшін жұмыстар істеп жатқандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар