Түркия көгілдір байрақты жағажайда үшінші орынды иеледі

Уәлаяттар бойынша 229 көгілдір байрақ Анталияда желбіреді.

1911576
Түркия көгілдір байрақты жағажайда үшінші орынды иеледі

Әлемнің ең көрнекті туризм және қоршаған орта марапаттарының бірі көгілдір байрақта Испания мен Грекиядан кейін үшінші орында тұрған Түркияда көгілдір жалаулы жағажайлардың саны жыл сайын артып келеді.

Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметі бойынша орталығы Данияның астанасы Копенгагенде тұратын Халықаралық Экологиялық білім қоры берген көгілдір байрақ жүлделерінде 2018 жылы 459 көгілдір байрақ, 2019 жылы 463 көгілдір байрақ желбіреген Түркия жағажайларында бұл сан 2020 жылы 486-ға, өткен жылы 519-ға, биыл 531-ге көбейді.

Уәлаяттар бойынша 229 көгілдір байрақ Анталияда желбіреді. 111 көгілдір байрақ алған Мугла екінші орынды және 66 көгілдір байрақпен Измир үшінші орынды иеледі.

Айдында 36, Балыкесирде 31, Самсунда 13, Чанаккаледе 12, Мерсінде 11, Кожаелиде 7, Бартында 3, Кыркларели, Сакария және Ордуда 2-ден, Ванда бір көгілдір байрақ жағажайларда желбіреді. 

Тізімде Испания көгілдір байрақты 621 жағажаймен бірінші, Греция 581 жағажаймен  екінші орынды иеледі. Үшінші орындағы Түркия алдыңғы орынға шығу үшін  мемлекеттік және жеке ұйымдарымен белсенді күрес жүргізуде.



Ұқсас жаңалықтар