Түркияның өсу болжамы жоғарлады

"Moody's" Түркия экономикасының 2024 жылы 3 пайыз өсетініне назар аударды.

1905380
Түркияның өсу болжамы жоғарлады

Халықаралық несие рейтинг агенттігі (Moody's" Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 4.5 пайыздан 5.3 пайызға көтерді.

Ұйымның 2022 жылдың қараша айындағы баяндамасында Түркия экономикасының тамыз айында биылғы 4.5 пайыз деп көрсетілген өсу болжамының 5.3 пайызға көтерілгені хабарланды.

Түрік экономикасының келер жылға арналған өсу болжамының өзгеріссіз 2 пайыз ретінде анықталғаны білдірілген хабарда түрік экономикасының 2024 жылы 3 пайыз өсетініне назар аударылды.

Рапортта тұрақты инфляция болжамына байланысты жаһандық экономиканың жоғары белгісіздікпен құлдырау алдында тұрғаны, ал жаһандық экономиканың ақша-несие саясатының қатаңдауы, геосаяси және қаржы нарығындағы құбылмалылық сияқты бірқатар қиындықтарға тап болғаны білдірілді.

Рапортға «Жаһандық өсу 2023 жылы баяулайды және 2024 жылы тоқырауды жалғастырады. Егер үкіметтер мен орталық банктер экономиканы ағымдағы қиындықтарға қарсы бағыттай алса, 2024 жылы салыстырмалы тұрақтандыру кезеңі әлі де болуы мүмкін » деген мәліметтер енгізілді.



Ұқсас жаңалықтар