Түркия экспорты артты

Ауыл шаруашылығы секторы қаңтар-қазан айлары аралығындағы ең жоғары экспортты жүзеге асырды.

1904232
Түркия экспорты артты

Ауыл шаруашылығы секторы 27 миллиард 525 миллион доллармен қаңтар-қазан айлары аралығындағы ең жоғары экспортты жүзеге асырды.

Түркия Экспортшылар Мәжілісінің деректеріне қарағанда Түркияның экспорты биылғы жылдың қаңтар-қазан кезеңінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 15,4 пайыз артып, 209 миллиард 450 миллион долларға жетті.

Түркияның ауыл шаруашылығы секторы жылдың алғашқы он айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 17,3 пайыз артып, 27 миллиард 525 миллион доллармен қаңтар-қазан айлары аралығындағы ең жоғары экспортты жүзеге асырды.

Ауыл шаруашылығы тобында экспортта рекордтар жаңарған секторлар дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары мен өнімдер, жеміс-көкөніс өнімдері, кептірілген жемістер мен өнімдер, су өнімдері және жануарлардан алынатын өнімдер, жиһаз, қағаз және орман өнімдері болды.

Ирак ауылшаруашылық тобы экспортында рекордтар жаңарған секторларда бірінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар