Анталияға туристер ағылып жатыр

Өткен жылдың қазан айында 959 мың 359 адам келген қалаға биылғы жылдың ұқсас кезеңінде 1 миллион 15 мың 375 турист келді.

1893974
Анталияға туристер ағылып жатыр

Әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қызықтыратын Анталия 10.5 айда әуе арқылы 12 миллионнан астам шетелдік туристті қабылдады.

Жаһандық жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен кейін туризмдегі ең қарқынды кезеңді бастан өткеріп жатқан қалада туризм жандылығы жалғасуда.

Анталия Уәлаяты Мәдениет және туризм басқармасының мәліметтеріне қарағанда 1 қаңтар мен 16 қазан аралығында қалаға әуе арқылы келген турист саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51 пайызға өсіп, 12 миллион 42 мың 468 болды. Өткен жылдың ұқсас  кезеңінде қалаға әуе көлігімен 7 миллион 975 мың 643 турист келген.

Жерорта теңізі бассейнінің маңызды туризм орталықтарының бірі Анталияда туризм маусымы ұзартылды.

Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда қалада туристік жандылық 6 пайыз артқан. Өткен жылдың қазан айында 959 мың 359 адам келген қалаға биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 1 миллион 15 мың 375 турист келді.



Ұқсас жаңалықтар