Мугланы тамашалаған туристер саны артты

9 айында Мугланы 2 миллион 622 мың 796 турист тамашалаған.

1892393
Мугланы тамашалаған туристер саны артты

Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Мугла 9 айда 2 миллион 622 мың 796 туристті қабылдады.

Жерорта теңізі мен Эгейдің тоғысқан жері, табиғи сұлулықтарымен және көне қалаларымен әйгілі туризм қаласы Мугла 340 мың төсек сыйымдылығымен жергілікті  және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетуде.

Облыстық Мәдениет және туризм басқармасының деректерінен жиналған мәліметтерге қарағанда жылдың алғашқы 9 айында Мугланы 2 миллион 622 мың 796 турист тамашалаған.

Қалаға ең көп турист келген елдер 1 миллион 129 мың 603 туристпен Ұлыбритания бірінші , 311 мың 261 туристпен Ресей екінші орынды иеледі.

187 мың 479 туристпен Германия, 157 мың 395 туристпен Польша және 92 мың 914 туристпен Голландия орын алды.



Ұқсас жаңалықтар