Памуккалеге миллиондаған турист келді

Памуккалеге кеген туристер санының 1 миллион 557 мың 851 адамға жеткенін хабарлады.

1887870
Памуккалеге миллиондаған турист келді

Денизлидегі әлемге әйгілі туризм орталығы Памуккале 2022 жылдың 1 қаңтары мен 30 қыркүйек аралығында 1 миллион 557 мың 851 турист қабылдады.

Денизли Туристік қонақ үйшілері мен операторлары қауымдастығының төрағасы Гази Мурат Шен жазбаша мәлімдемесінде өткен айда Памуккалеге 271 861 қонақ келгенін айтты.

Шен қаңтар айының басынан өткен айдың соңына дейін Памуккалеге кеген туристер санының 1 миллион 557 мың 851 адамға жеткенін хабарлады.

Аймақтағы туристік операторлардың турист санының артуына риза екенін атап өткен Шен келесі жылы Памуккаледе келушілер тығыздығының артуы межеленгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар