«Island Sky» круиздік кемесі Фетхиеге келді

Круиздік кемеде негізінен американдық 61 турист бар екені білдірілді.

1885938
«Island Sky» круиздік кемесі Фетхиеге келді

Багам жалауы бар «Island Sky» круиздік кемесі Мугладағы Фетхие қаласына келді.
Кушадасы айлағынан келген 91 метрлік круиздік кеме Фетхие кемежайына келіп тоқтады.

Круиздік кемеде негізінен американдық 61 турист бар екені білдірілді.

Кедендік рәсімдерден кейін порттан шыққан жолаушылар қаланы тамашалауға шықты.

Туристердің бір бөлігі Өлүденизге және тарихи орындарды аралауға шықса, кейбірі де қалада қала базарларын тамашалады.

Кеменің осыдан кейін Анталияға аттанатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар