Үш елдің қатынас министрлері бас қосты

Министр Караисмаилоғлу Грузияның бас қаласы Тбилисиде Түркия-Әзербайжан-Грузия үшжақты министрлер жиналысына қатысты.

1871623
Үш елдің қатынас министрлері бас қосты

ТР Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркия, Грузия және Әзербайжанның тасымалдау мүмкіндіктерін одан әрі арттыру үшін жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Министр Караисмаилоғлу Грузияның бас қаласы Тбилисиде Түркия-Әзербайжан-Грузия үшжақты министрлер жиналысына қатысты.

Баспасөзге жабық және шамамен бір сағатқа созылған үш жақты кездесуден кейін Адил Караисмаилоғлу Грузия сапарына баға берді. Түркия, Грузия және Әзербайжанның дос және бауырлас елдер екеніне назар аударған Караисмаилоғлу елдер арасындағы көлік дәліздерін одан әрі дамыту үшін келіссөздерді жалғастырып жатқандарын атап өтті.

Адил Караисмаилоғлу «Осы келіссөздердің нәтижесінде елдеріміз жеңіске жетеді және бұл көлік дәліздері неғұрлым күшті болса, ынтымақтастығымыз да әлеуметтік және экономикалық деңгейде дамиды» деді.

Түркия-Әзербайжан-Грузия арасындағы тасымалдау саласындағы ынтымақтастыққа тоқталып, орталық дәліздің маңыздылығын атап көрсеткен Караисмаилоғлу Баку-Тбилиси-Карс теміржолы және Мармарай желісі жобаларының Түркияда жүзеге асырылғанын еске салды.

Министр Караисмаилоғлу «Қазір Қытайдан Лондонға үзіліссіз пойыздарымыз жұмыс істей бастады. Енді осы әлеуетті одан да арттыру үшін не істеуге болатынын талқылап жатырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар