93 елге ұнтақталған бұрыш экспорт етілді

Ұнтақталған бұрыштың экспортында 1 миллион 199 мың доллармен Германия бірінші орынға шықты.

1857301
93 елге ұнтақталған бұрыш экспорт етілді

Түркияда өндірілген және тағамның таптырмас дәмдерінің бірі ұнтақталған бұрыш жылдың алғашқы жартысында Германия, Голландия, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы сияқты 93 елдің тағамдарының дәмін арттырды.

Оңтүстік-Шығыс Анадолы экспортшылар қауымдастығының деректерінен жиналған ақпаратқа қарағанда 2021 жылы Түркиядан 9 миллион 222 мың долларлық ұнтақталған бұрыш экспорты жасалды.

Өткен жылдың қаңтар-маусым айларында 1913 тонна өнім саудасынан 4 миллион 730 мың доллар кіріс кірді. Биылғы жылдың осы кезеңінде 2 мың 185 тонна ұнтақталған бұрыш сатылып, 4 миллион 967 мың доллар кіріс кіргені білдірілді.

Түркияның ұнтақталған бұрышы 6 айлық мезгілде Германия, Голландия, Ұлыбритания, Ирак, Америка Құрама Штаттары, Франция, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Нигер, Того, Куба, Малайзия, Жапония, Канада, Оман, Иордания, Экваторлық Гвинея, Алжир, Мальта және Кения сияқты 93 елге сатылды.

Ұнтақталған бұрыштың экспортында 1 миллион 199 мың доллармен Германия бірінші орынға шықты.

674 мың доллармен Голландия екінші  және 623 мың доллармен Ұлыбритания үшінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар