Ердоған Түркияның экспортына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның экспортын 243 миллиард долларға көтергендерін айтты.

1842338
Ердоған Түркияның экспортына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның экспортын 243 миллиард долларға көтергендерін, бұл санақтарды ай сайын көбейтіп отыратындарын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Халич Конгресс Орталығында Түркия Экспортшылар Мәжілісі 29-шы жалпы кеңесі және экспорт чемпиондары жүлде рәсіміне қатысты.

«Экспорттың чемпиондары ретінде жүлде алатын фирма мен іскерлерімізді шын жүректен құттықтаймын. Экспортымызды 243 миллиард долларға жеткіздік» деген Ердоған «Алла бұйырса бұл санақты ай сайын өсіріп отырамыз. 217 ел және аймаққа жасаған экспорт арқылы жалауымызды әр жерде желбіреткен бір елге айналдық» деген сөздер қолданды.

Түркияның 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы өсуінің мөлшермен жартысын экспорттың көтеріп алғанын баяндаған Ердоған «Бұл көрініс инвестиция, жұмыспен қамдау және экспорт арқылы өсу нысанасы аясында мықты қадаммен алға қарай жүргеніміздің дәлелі болып табылады» деп көрсетті.

Террормен күрестегі табыстарға тоқталған президент Ердоған «Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қатты соққы бердік. Елімізге шабуыл жасауға тырысқан террористтерді залалсыздандырдық. Шекара тысында бізге шабуыл жасауға тырысқан кім болса болсын жоюға дайынбыз. Қазір Иракта жалғасқан «Пенче-Килит» операцияларымен террористтерді залалсыздандырудамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар