Криптовалюталар ресми түрде қолданыла бастады

OAР Африка континентінде криптовалюталарды қолданатын бірінші ел атанды.

1834677
Криптовалюталар ресми түрде қолданыла бастады

Орталық Африка Республикасында  криптовалюталар ресми түрде қолданыла бастады.

Жергілікті баспасөзде жарияланған хабарға қарағанда ел президенті Фаустин-Арчанж Туадера қолданыла бастаған валюта бірлігінің «Санго» атауын алғанын білдірді.

Парламент бекіткен шешіммен елдегі компаниялар мен жеке тұлғалар транзакцияларын криптовалюта арқылы жүзеге асыра алады және салық төлей алады.

OAР-да криптовалюта төлем құралы ретінде 27 сәуірде қабылданды. Осы қадаммен OAР Африка континентінде криптовалюталарды қолданатын бірінші ел атанды.

Әлемде алғаш рет биткоин 7 қыркүйекте Орталық Америкадағы Сальвадор елінде заңды валюта ретінде қолданылды.



Ұқсас жаңалықтар