Анталияға туристер ағылуда

428 бес жұлдызды қонақ үйге және 680 мың төсек-орынға ие Анталияға әлемнің барлық аймағындағы туристер қызығуда.

1831868
Анталияға туристер ағылуда

Түркияның ең маңызды туризм орталықтарының бірі Анталияға әуе жолы арқылы келген жолаушылар саны 2 миллион 35 мыңнан асты.

Анталияда туризм күн сайын жандануда. 428 бес жұлдызды қонақ үйге және 680 мың төсек-орынға ие қалаға әлемнің барлық аймағындағы туристер қызығуда.

Анталия Мәдениет және Туризм Уәлаят басқармасының мәліметтері бойынша 1 қаңтар мен 23 мамыр арасында әуе жолымен келген турист саны өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 217 пайыздық артумен 2 миллион 35 мың 948 кісі болған.Өткен жылы 643 мың 68 кісі күтіп алған Анталия биыл тіпті көп туристі күтіп алуды жоспарлауда.

Мамырдың 23 күнінде қалаға 813 мың 753 турист келді.



Ұқсас жаңалықтар