Ресейден капитал кетіп жатыр

Ресейден капиталдың кетуі 266 пайыз артты.

1810864
Ресейден капитал кетіп жатыр

Ресейден капиталдың кетуі жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 266 пайыз артып, 64,2 миллиард долларға жетті.

Ресей Орталық банкі жасаған мәлімдемеде 2021 жылдың бірінші тоқсанында елден капиталдың шығуы 17,5 миллиард доллар болса, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 64,2 миллиард долларға өскені атап өтілді.

Мәлімдемеде Ресейдің сыртқы сауда табысының аталған кезеңде 25,8 миллиард доллардан 66,3 миллиард долларға өскені атап өтілді.

24 ақпанда Украинаға басталған шабуылдан кейін салынған санкцияларға байланысты ондаған шетелдік компания мен инвестор Ресейден кетуге немесе ондағы қызметін уақытша тоқтатуға шешім қабылдады.

Ресейден капитал кетуі 2021 жылы 42 пайызға артып, 72 миллиард долларға жеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар