Ресей 52 дос елге ұшақ рейсін бастайды

Ресей 9 сәуірде Аргентина, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африканы қамтыған 52 дос елге ұшақ рейстерін қайта бастайды.

1806906
Ресей 52 дос елге ұшақ рейсін бастайды

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин 9 сәуірден бастап 52 "дос елмен" ұшақ рейстерін қалпына келтіретінін айтты.

Михаил Мишустин астана Мәскеуде үкімет лауазымдыларымен өткізген жиналыста Ковид-19 індеті себепті жоспарлы және чартерлік рейстерге бағытталған шектемелердің 9 сәуірде күшін жоятынын хабарлады.

Орыс азаматтарының көптеген елге шектемесіз ұшатынын ескерткен Михаил Мишустин:

"9 сәуірде Аргентина, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африканы қамтыған 52 дос елге ұшақ рейстері қайта басталады" деді.

Санкциялар себепті Еуропа Одағы мен АҚШ орыс ұшақтарына әуе жолдарын жабуға шешім жасаған және Ресей де оған қарымжы қайтарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар