Қытайдың Еуропадағы инвестициясы артты

Қытайлық инвесторлардың 2021 жылы Еуропада 155 компанияны сатып алғаны білдірілді.

1800558
Қытайдың Еуропадағы инвестициясы артты

Қытайлық компаниялардың Еуропадағы сатып алу инвестициялары жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті 2020 жылы төмендеуден кейін 2021 жылы қайта артты.

Қытай ресми хабар агенттігі Шинхуаның хабарына қарағанда қытайлық инвесторлар 2021 жылы Еуропада 155 компанияны сатып алғаны білдірілді.

Қытайлық компаниялардың Еуропадағы сатып алу инвестицияларының жалпы мөлшері 8 есе арту арқылы 12.4 миллиард долларға көтерілді.

Орталығы Гонконгтегі Hillhouse Capital инвестициялық компаниясы Голландиялық электроника өндіруші Phillips-тің үй жабдықтары бөлімін 4.4 милдлиард долларға сатып алуы өткен жылғы ең ірі инвестиция болды.

Сондай-ақ қытайлық Tencent интернет-компаниясының Ұлыбритания ойын әзірлеушісі Sumo Digital-ді 1.25 миллиаро долларға, Қытайлық контейнер өндірушісі Қытай халықаралық теңіз контейнерлерінің Даниялық өндіруші Maersk Container Industry-ді 1.1 миллиард долларға сатып алуы назар аударды.

Қытайлық инвесторлар тарапынан ең көп инвестиция салынған елдер 36 компаниямен Ұлыбритания, 35 компаниямен Германия және 13 компаниямен Голландия алдыңғы үш орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар