Испания орыстың 2 яхтасын тәркіледі

Педро Санчес "Путин режиміне және олигархиясына бағытталған санкциялардың ықпалды болғанын және жалғасатынын" білдірді.

1796070
Испания орыстың 2 яхтасын тәркіледі

Испания Еуропа Одағының Ресейге бағыттаған санкциялары аясында соңғы 24 сағатта Барселона, Майорка және Мелильяда орналасқан ресейлік олигархияға қарасты екені анықталған 2 люкс яхта мен бір кемені тәркіледі.

Ресей президенті Владимир Путинмен тығыз ынтымақтастық орнатқан орыс олигархияның бірі және қоғамдық қару-жарақ компаниясының басшысы Сергей Чемезовқа қарасты 85 метрлік «Валери» яхтасының Барселона портында тәркіленгені жарияланды.

Испания Теңіз кеден басқармасы артынан  Адриано портындағы (Майорка) «Леди Анастасия» яхтасының және Мелильядағы кеменің басып алынғанын хабарлады.

Премьер-министр Педро Санчес бір телеарнаға сұхбатында аталмыш яхтаның "Танымал орыс олигархияның біріне тән және құнының 140 миллион евро екенін" айтты.

Премьер-министр Педро Санчес "Путин режиміне және олигархияға бағытталған санкциялардың ықпалды болғанын және жалғасатынын" білдірді.

Педро Санчес:

"Осы парақорлық жүйесінде орыс халқына қысым жасау арқылы байыған Путинге, режиміне және олигархияға қарсы  күресті батыл жалғастыруымыз керек" деді.

Премьер-министр Педро Санчес НАТО-ның талабы бойынша Испанияның қорғаныс шығынын арттыратынын, мұны ұлттық таза кірістің 2 пайызына көтеретінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар