Түркия 46 миллион долларлық құлпынай экспорттады

Түркия 2021 жылы 43 елге экспорттаған құлпынайдан 46 миллион 118 мың долларлық кіріс түсірді.

1760226
Түркия 46 миллион долларлық құлпынай экспорттады

Эгей экспорттаушылар қауымдастығы мәліметтеріне қарағанда 2020 жылы 25 мың 600 тонна құлпынай саудасынан 25 миллион доллар табысқа қол жеткізілген болатын.

Құлпынай экспортын 2021 жылы өткен жылға қарағанда 66 пайыз артып 42 мың 500 тоннаға жеткізген Түркия кірісін өткен жылға қарағанда 84 пайыз арттырып 46 миллион 118 мың долларға жеткізді.

27 миллион 810 мың долларлық саудамен ең көп құлпынай Ресейге жіберілді. Бұл елден кейін 8 миллион 910 мың доллармен Румыния, 5 миллион 608 мың доллармен Ирак келеді.



Ұқсас жаңалықтар