Криптовалюталардың құлдырауы 20 пайызға жақындады

Криптовалюта нарықтары демалыс күндеріне күрт құлдыраумен кірді.

1743073
Криптовалюталардың құлдырауы 20 пайызға жақындады

Криптовалюта нарықтары демалыс күндеріне күрт құлдыраумен кірсе, «биткойн» (bitcoin) бағасы 42 мың долларға дейін төмендеді.

Әлемдік нарықтардағы макроэкономикалық уайымдар мен пайданы сатудың салдарынан криптовалюта нарығында күрт құлдырау байқалады.

Әлемдегі ең белгілі криптовалюталардың бірі биткойннің бағасы 42 мың доллардан төменді.

Binance деректеріне сәйкес, қараша айының басында 69 мың долларды көрген биткойн соңғы 24 сағатта 17 пайыздан астам құнын жоғалтты және 47 мың доллардан сатылды.

Танымал криптовалюталардың бірі Ethereum бағасы да дәл сол минуттарда 15 пайыздан астам төмендеп, 3 мың 900 доллар деңгейіне түсті.

Кейбір криптовалюталарда соңғы 24 сағаттағы шығын 20 пайыздан асты, криптовалюта деректер платформасы Coingecko деректеріне қарағанда 11 мың 392 криптовалюта бар нарық құны шамамен 15 пайызға төмендеп, 2,34 триллион долларға азайды.

Нарықтық құны 69 мың доллар деңгейіне жеткен биткойн өткен айда 3 триллион доллардан асқан болатын.

Криптовалюта нарығының күрт құлдырауы жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясында omicron нұсқасына деген алаңдаушылық пен инфляцияға қатысты уайымдар туындаған бір ортада ақша саясатына қатысты белгісіздіктердің артуының артынан назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар