'turkishsouq.com' саудасы басталды

Адил Караисмайлоғлу "PttAVM.com" жобасының жалғасы 'turkishsouq.com' глобал дәрежедегі платформаға айналғанын білдірді.

1616093
'turkishsouq.com' саудасы басталды

Түркияның Почта және Телеграф басқармасы (PTT) мен Катар ынтымақтастығымен құрылған  'turkishsouq.com' арқылы күллі әлемде сауда жасауға болады.

Қатынас және Инфрақұрылым министрі Адил Караисмайлоғлу Түркия-Катар интернет саудасы ынтымақтастық жобасы аясында Катар Почтасының лауазымдысы Фалех Аль Наимиді қабылдады.

Адил Караисмайлоғлу "PttAVM.com" жобасының жалғасы 'turkishsouq.com' глобал дәрежедегі платформаға айналғанын білдірді.

Адил Караисмайлоғлу:

Аталмыш платформа арқылы 47 елге өнім экспорт етілуде. Интернет саудасы саласында 300 мың өніміміз әлем нарқына жолдануда" деді.

Фалех Аль Наими:

"Платформа әлемдегі барлық адамдарға арналған. 'turkishsouq.com' арқылы өнімдерімізге 50 елден сұраныс келді. Халықаралық өреде сауда басталғанда жер бетіндегі барлық адамдар түрік өнімдерінен пайдаланады" деді. 



Ұқсас жаңалықтар