Түркияның қызанақ эспорты

Экспорт 313 миллион 405 мың доллардан асты.

1561708
Түркияның қызанақ эспорты

Түркияның қызанақ экспорты өткен жылы 313 миллион 405 мың долларға жетті.

Оңтүстік шығыс Анадолы экспортшылар одағының деректеріне қарағанда, 2020 жылы ең үлкен нарық-Ресейдің Түркиядан алған қызанақ квотасының аз болуына және коронавирусқа қараматан экспорт көп болды.

Румыния, Украина, Беларусь,  Сирия және Германия мен Польша секілді басқа қалаларға бағытталған экспортшылар 51 елге қызанақ сатты.  Экспорт 313 миллион 405 мың доллардан асты.  2019 жылы 304 миллион 440 мың долларлық экспорт жасалған болатын.

Былтыр ең көп қызанақ экспорты жасалған ел Ресей болды.  Ресейге 62 миллион 217 мың долларлық қызанақ сатылды.

Румыния болса алдынғы жылмен салыстырғанда экспорты ең көп артқан ел болды. Түркия Румынияға 2019 жылы 36 миллион 392 мың долларлық қызанақ сатса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 38 пайыз артты.

 

Екінші кезектегі Румыниядан кейін Украина және Болгария келеді.



Ұқсас жаңалықтар