Стамбұл шетелдік инвесторларды қызықтыруда

Шетелдіктер Стамбұлдан 2019 жылы 20 мың 857 үй, 2020 жылы қаңтар мен қараша айлары арасында 16 мың 867 үй сатып алды.

1561470
Стамбұл шетелдік инвесторларды қызықтыруда

Стамбұл тұрғын үй саудасында инвесторларды қызықтыруда. 

Шетелдіктерге тұрақты мүлік сату компаниясы Nevita-ның  зерттеуіне қарағанда Стамбұл тұрғын үйдің орташа текшеметр бағасында Еуропадағы ірі қалалар арасында ең қызықтырған қала болуды жалғастыруда.

Зерттеулерге қарағанда соңғы жылдарда шетелдіктердің тұрғын үй сатып алуында таңдаған қалаларының басында тұрған Стамбұл инвесторлардың назарын аударып отыр.

Түркия көлемінде шетелдіктерге сатылған үйдің жартысы Стамбұлда. Шетелдіктер 2019 жылы 20 мың 857 үй, жаңа типті коронавирус індетіне қарамай, өткен жылы қаңтар мен қараша айлары арасында 16 мың 867 үй сатып алды.

Ұлттық және халықаралық салаларда инвестиция мүмкіндіктерімен қызықтырған Стамбұл шетелдіктерге тұрғын үй сатуда жаһандық қалалар арасында жылдам ілгерлеуде. Осы даму қаланың Еуропадағы ірі қалалармен салыстырғанда әлі күтілген құнға жетпеуі өте маңызды болуда.

Инвесторлар соңғы кезеңде пайда түсіру мүмкіндігі жоғары Стамбұл қаласына қызығуды жалғастыруда.   



Ұқсас жаңалықтар