Анталияға шетелдік инвесторлар қызығуда

Четин Анталияның шетелдік инвесторлардың ұнататын мекеніне айналғанын білдірді.

1559285
Анталияға шетелдік инвесторлар қызығуда

Анталияда өткен жылы 449 шетелдік инвестор жұмыс бастады.

Анталия Сауда және Өнеркәсіп палатасы әкімшілік кеңесінің төрағасы Четин  жазбаша мәлімдемесінде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті процесінде жұмыстарын интернет арқылы жалғастырғандарын, жаңа құрылған компаниялармен бірге мүше санының 49 мың 634 болғанын білдірді.

Четин 2020 жылы 4 мың 605 жаңа компания тіркелгеніне назар аударып, індетке қарамай инвесторлардың Анталия экономикасына деген сенімдері жалғасқанын айтты.

Четин Анталияның шетелдік инвесторлардың ұнататын мекеніне айналғанын білдірді. 

Четин:

"Анталия Түркияда Стамбұлдан кейінгі ең көп инвесторға ие қала атағын 2020 жылы да жалғастырды. Коронавирус процесінде Анталияға шетелдік инвесторлар жалғасты келді. 2020 жылы 449 жаңа инвестор жұмыс бастады. Палатамызға тіркелген инвестор саны 4 мың 197-ге жетті" деді.

2020 жылы ең көп инвестор Ираннан келгенін айтқан Четин:

"Иран қаржысына ортақ болған 82 компания палатамызға тіркелді. Ресейден 63 және Германиядан 55 шетелдік жаңа инвестор қалада жұмыстануда. Сонымен бірге көптеген елден шетелдік инвесторлар Анталияда инвестициялық жұмыстарын жалғастыруда" деп көрсетті.

Четин шетелдіктердің қалада көбінесе құрылыс, тұрақты мүлік, ауылшаруашылық және технология кәсібіне инвестиция салғанын білдірді.        



Ұқсас жаңалықтар