Иран вакцина алу үшін Ирактағы активтерін қолданады

АҚШ-тың санкциясына байланысты Иран вакцинаны тікелей сатып ала алмай отыр.

1554517
Иран вакцина алу үшін Ирактағы активтерін қолданады

Иран Энергия министрі Рыза Ердеканиан Иракқа экспорт етілген табиғи газдан түсетін, алайда Америка Құрама Штаттарының санкциялары салдарынан елдеріне трансфер етілмеген ақшамен Еуропадан вакцина сатып алатындарын айтты.

Иран ресми агенттігіне мәлімдеме жасаған Ердеканиан Америка Құрама Штаттарының бір жақты санкциялары себепті еліне жеткізілмеген,  Иракта тұрған қаржылай активтеріне қолжетімділік жөнінде маңызды шешім қабылданғанын білдірді.  Бір Еуропа компаниясынан ковид вакцинасы сатып алу үшін Ирактағы фондтарды қолдану тақырыбында Ирактағы лауазым иелерімен келіскендерін айтты. Ол осы активтерге ең қысқа уақытта қолжетімділік қамдалатынына сенетінін тілге тиек етті.

Иран Энергия министр Ирак төлемеген шамамен 6 миллиард доллар қарыз себебімен кеше Иракқа барған болатын. Ол Ирак премьер-министрі Мұстафа Казыми, Орталық банк төрағасы Мұстафа Галиб және осы елдің Электр және сауда министрлерімен кездескен еді.



Ұқсас жаңалықтар