Айдер жайлауы қонақтарды қызықтыруда

Ризенің Чамлыхемшин ауданында табиғи көркемдігімен танымал Айдер жайлауы қонақтарды күтіп алуда.

1462167
Айдер жайлауы қонақтарды қызықтыруда

Ризенің Чамлыхемшин ауданында табиғи көркемдігімен танымал Айдер жайлауы қонақтарды күтіп алуда.

Апта соңы демалыстарынан пайдаланып, күнделікті өмірдің қарбаластығынан алыстағысы келген және Құрбан айт мерекесі демалысын өткізуді қалаған кісілердің қызығатын мекені Айдер жайлауына жыл сайын жергілікті және шетелдік қонақтар тамашалай келеді.

Жергілікті туристермен бірге, әсіресе араб туристердің назарын аударған Айдер жайлауы биылғы маусымда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті үнсіз қалды.

Осы барыста инфарқұрылым жұмыстары жасалған Айдер жайлауы Құрбан айт мерекесі қарсаңында қонақтарын күтіп ала бастады. 

Су сарқырамалары, табиғи көркемдіктері және арасындарымен назар аударған және қонақтар шашумен күтіп алынған Айдер жайлауында мерекелік демалыста қарбаластық күтіліп отыр. 

Айдер Қоршаған орта және туризм қоғамының төрағасы Ердал Сары жайлауда коронавирус сақтық шаралары толық жасалғанын айтты.

Ердал Сары: "Жайлауда қонақтарды күтіп аламыз. Маска, аралықты сақтау және тазалық сияқты сақтық шараларының барлығы толық жасалды" деді.   



Ұқсас жаңалықтар