OPEC мұнай өндірісі артты

Наурызда Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейт мұнай өндірісін арттырды.

1399676
OPEC мұнай өндірісі артты

Мұнай Экспорт етуші елдер ұйымы (OPEC) наурыз айына байланысты мұнай нарқы рапортына қарағанда өткен айда жаһандық мұнай талабы оның алдындағы аймен салыстырғанда күндік 620 мың баррель артып, мөлшермен 99 миллион 860 мың баррельге көтерілген.

Аталмыш кезеңде OPEC сыртындағы мұнай өндіруші елдерде өндіріс күндік 200 мың баррель азайып, 71 миллион 250 мың баррель болған.

OPEC-тің күндік шикі мұнай өндірісі наурызда оның алдындағы аймен салыстырғанда 821 мың баррель артып, 28 миллион 610 мың баррельге жеткен.

OPEC-тің жалпы жаһандық мұнай талабындағы үлесі 28.7 пайыз ретінде тіркелді.

Наурызда Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейт мұнай өндірісін арттырды. 

Наурызда күндік мұнай өндірісінде OPEC ішінде ең көп төмендеу болған елдер Венесуэла, Ливия және Иран болды.

Рапортта 2020 жылы жаһандық мұнай талабы күндік 92 миллион 820 мың баррель ретінде мөлшерленуде.

OPEC ұнайына талап 2020 жылы күндік 24 миллион 500 мың баррель деп межеленді.

Сонымен бірге әлемде бұрғылау мұнарасының саны да 2 мың 122-ге азайды.

Бұл мұнаралардың 572-сі OPEC мүшесі елдерде.



Ұқсас жаңалықтар