Георгиева Халықаралық валюта қорының президенті болып сайланды

Георгиеваның міндет мерзімі 5 жылды құрайды

1277078
Георгиева Халықаралық валюта қорының президенті болып сайланды

Болгариялық Кристалина Георгиева Халықаралық валюта қорының президенті болып сайланды.

ХВҚ Атқарушы комитеті Георгиеваның ХВҚ басшысы қызметіне 1 қазаннан бастап тағайындалғанын хабарлады.

«Георгиеваның міндет мерзімі 5 жылды құрайды»,- делінген хабарламада.

Дәстүр бойынша ХВҚ президенті Еуропа азаматы, ал Дүниежүзілік банктің президенті  АҚШ азаматы болады.

Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше елдердің басшылары Еуропалық орталық банктің (ЕОБ) президенті қызметінен кететін Марио Драгидің орнына Кристин Лагардқа келіскен болатын.

Лагард ЕОБ-ға кандидатурасына байланысты ХВҚ-дан отставкаға кетті.

ЕО-ға мүше мемлекеттер Дүниежүзілік банктің басқарма төрағасы Георгиеваны ХВҚ басшысы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.

1953 жылы Болгарияда дүниеге келген Георгиева ЕО Комиссиясының мүшесі болды.



Ұқсас жаңалықтар