Түрік Әуе Жолдары мен Кувейт Әуе Жолдары код бөлісу келісіміне қол қойды

Кувейт пен Стамбұл және Сабиха Гөкчен әуежайлары арасында ұйымдастырылатын сапарларда код бөлісіледі.

1233000
Түрік Әуе Жолдары мен Кувейт Әуе Жолдары код бөлісу келісіміне қол қойды

Түрік Әуе Жолдары мен Кувейт Әуе Жолдары код бөлісу келісіміне қол қойды.

Түрік Әуе Жолдары ақпарат хатшылығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда ынтымақтастық аясында Кувейт пен Стамбұл және Сабиха Гөкчен әуежайлары арасында ұйымдастырылатын сапарларда код бөлісіледі. 

Код бөлісілген рейстердің 1 тамызда басталуы жоспарлануда.

Түрік Әуе Жолдарының Бас директоры Билал Екши қол қою рәсіміндегі сөзінде келісімнің тек екі әуежолы компаниясының сауда қарым-қатынастарына есе қосып қана қоймай, Түркия мен Кувейт арасында саяхат жасайтын жолаушыларға қосымша байланыстар ұсынатынын да атап көрсетті.

Кувейт Әуе Жолдары Стамбұл және Сабиха Гөкчен әуежайларына жеті реттен рейс, Түрік Әуе Жолдары Кувейтке Стамбұл әуежайынан аптасына 28 рейс, Сабиха Гөкчен әуежайынан 14 рейс ұйымдастырады. 

Екі әуежолы компаниясы да жолаушылардың жиі ұшу рейстері бағдарламасы мүмкіндіктерінен пайдалану мақсатымен код бөлісу рейстерінің "Жиі ұшу бағдарламасына" қосылуы үшін жұмыстар жасауда.



Ұқсас жаңалықтар