«ASELSAN»-ға 25 миллион долларлық тапсырыс

Соғыс ұшақтарының ату қабілетін арттыратын «ASELPOD» дәлдеу жүйесі үшін екінші экспорттық тапсырыс Пәкістаннан келді.

741798
«ASELSAN»-ға 25 миллион долларлық тапсырыс

Әскери электроникалық өнеркәсібі (ASELSAN) тарапынан жетілдірілген және соғыс ұшақтарының ату қабілетін арттыратын «ASELPOD» дәлдеу жүйесі үшін екінші экспорттық тапсырыс Пәкістаннан келді.

Түрік әуе күштері үшін жетілдірілген «ASELPOD» дәлдеу жүйесі түнде, күндіз және әртүрлі ауа райында нақтылап шабуыл мүмкіншіліктері мен қабілетін арттырады.

Пәкістан берген тапсырыс шамамен 25 миллион долларды құрайды. Жүйе түсірілген көріністі ұшқыштың экранына жібереді.

Нысана бейне камерамен қадағаланып, лазермен нысана белгіленеді. Нәзік оқ-дәрімен дәлдеп ата алады.



Ұқсас жаңалықтар