Шетел инвесторларының Түркияға қызығушылығы

Халықаралық фирмалар Түркияға толық сенім білдірді.

700778
Шетел инвесторларының Түркияға қызығушылығы

Түркия экономикасына толық сенгендерін атап көрсеткен халықаралық фирмалардың жоғары деңгейлі басшылары инвестициялардың артып жалғасатынын атап көрсетеді.

«Samsung Electronics» фирмасының Түркия директоры «Dae Hyun Kim» Түркияға болашақ үшін инвестиция салғандарын атап, болашаққа дайындалғандарын атап, жаңа сауда орталықтары ашқандарын және мұның жаңа жұмыс күші мүмкіншіліктерін ортақ шығарғанын атап айтты.

Dae Hyun Kim көптеген салада инвестиция нысаналары бар екенін атап, «Түрік нарығы орта және ұзақ мерзімде күшке ие. Ұзақ мерзімде Түркия экономикасының одан да жақсы болатынын ойлаймыз. Сол себепті инвестиция саламыз. Инвестицияларымыз жалғасады» деді.

Түркияда жас тұрғын санының көп екені, фирмалар үшін мұның үлкен мәні болғанын атап көрсеткен Dae Hyun Kim жас тұрғын және «start-up» фирмаларына қолдау бергендерін, өздеріне келген жас инвесторларға қолдау бере бастағандарын білдірді.

«Nestle» Түркия атқару кеңесі төрағасы және директоры (CEO) Felix Allemann болса «фантастика» бір ел ретінде Түркияның өте жақсы бір аймақта орналасқанын және өте жақсы жетілген бір экономикаға ие екенін атап көрсетті.

Allemann Түркияда 108 жылдан бері жұмыс істеп келгендерін еске салып, «Біз 108 жылдан бері Түркияға инвестиция салып келеміз және бұдан кейінде жалғастырамыз. Келешекте бұрынғыдан көп инвестиция салуды жоспарлаймыз» деді.

Түркияда 2 жылдан бері өмір сүргенін атап көрсеткен Allemann өзін түрік сияқты сезінгенін атап көрсетті.

«Novartis» фирмасының Түркия басшысы Peter Catalino да Түркияда жыл сайын инвестицияларын арттырғандарын, тек қана өткен жылы 20 миллион доллар инвестиция салғандарын білдірді.

Catalino Түркиядағы 4 өндіріс орны және Novartis фирмасының құрамында жаһандық көлемде маңызды бір өндіріс орындары бар екенін, бұл жайларда өндіргендері қосымша құндылықтарды жоғары дәрілермен Түркияның жоғары технологиялық өндірісіне үлес қосқандарын атап көрсетті.

Peter Catalino келешекте Түркиямен бірге өсу нысаналарымен одан көп инвестиция салатындарын жеткізді.

Catalino; «Түркияның экономикалық тұрғыдан ұзақ мерзімде жақсы табыстарға қол жеткізетініне сенемін. Түркияға және түріктерге сенемін. Осы жерден ұзақ уақыт кетпейміз» деді.

«Hyundai Assan» басшысы Mong Hyun Yoon болса түріктердің достарын жақсы көргенін атап, Түркияның өзінің екінші үйі екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар