ASELSAN теңіз өнімдерін халықаралық нарыққа шығарды

Париждегі көрмеде ASELSAN німдері назар аударды.

594412
ASELSAN теңіз өнімдерін халықаралық нарыққа шығарды

Әскери электронды өнеркәсіп ASELSAN теңіз жүйелері саласында өнімдерін халықаралық нарыққа шығарды.

Компания теңіз жүйелері саласындағы ең беделді халықаралық көрмелердің бірі EURONAVAL 2016 көрмесіне бірінші рет қатысты. Францияның бас қаласы Парижде 17-21 қазан күндері арасында өткен көрмеде ASELSAN-ның кейбір өнімдері назар аударды.

Сонымен бірге көптеген елдің Қорғаныс министрлігі және Теңіз күштері өкілдері ASELSAN павильонына келіп, мәлімет алды.



Ұқсас жаңалықтар