Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік жөніндегі кеңесі құрылды
Түрік мемлекеттері Бәсекелестік жөніндегі кеңесінің құрылғаны жарияланды.
Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік жөніндегі кеңесі мүше мемлекеттердің бәсекелестік органдарын біріктіру мақсатымен Түрік Мемлекеттері Ұйымы Бас хатшылығының (TМҰ) үйлестіруімен құрылды.
Стамбулда ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан, Бәсекелестік агенттігінің президенті Бирол Күле, Бәсекелестік агенттігінің Сыртқы байланыстар және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Зейнеп Мадан және Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, СКТР және Венгрия бәсекелестік органдары делегацияларының қатысуымен кездесу өтті.
Жиналыста Кеңес қызметінің шеңберін анықтайтын процедуралар, қағидаттар мен жол картасы келісілді, одан кейін қол қою рәсімі мен баспасөз мәлімдемесі арқылы Түрік мемлекеттері Бәсекелестік жөніндегі кеңесінің құрылғаны жарияланды.
Бәсекелестік жөніндегі кеңесті алғашқы 3 жылда Түркия атынан Бәсекелестік кеңесі басқарады. Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік кеңесінің келесі отырысы Әзербайжанның Шуша қаласында өткізіледі.
Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік кеңесі арқылы бір жағынан мүше елдер арасындағы ортақ тарихи, тілдік және мәдени мұра байланыстарын нығайту, екінші жағынан бәсекелестік заңын түсіну және шешу үшін бірлескен зерттеулер, сапарлар және оқу іс-шаралары жүзеге асырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.