«Хаккари кілемі»

"Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 17"

2131478
«Хаккари кілемі»

Тіркелген уақыты: 16.05.2023  

Түркияның Иран және Ирак шекаралары қиылысатын Хаккари өзінің биік таулары және кең жайылымдарымен белгілі. Аймақта өткен ғасырлардан бүгінге дейін мал шаруашылығы мен егіншіліктен нәпақасын тауып келген жергілікті халық тоқыма бұйымдарымен ерекше танымал. Хаккари кілемі Хаккари Сауда және өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша 2023 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. Ауданнан ауданға  өзгеретін Хаккари кілемінде тік, көлденең және орталық композициялар басым болып табылады. Ою-өрнектер арасында әсіресе раушаннан бастап, әртүрлі гүлдер, құстар, көбелектер және әртүрлі жануар пішіндері орын алады. Хаккари кілемі негізінен қалы және шағын кілем форматтарында пайдаланылса да, қабырға мен төсек жамылғысы, ат пен түйелерге қоржын болып тоқылады. Ою-өрнектердің үйлесімділігі мен симметриясына байланысты жоғары ептілікті қажет ететін Хаккари кілемін тоқығанда әдетте табиғи бояулармен боялған әсіресе ұсақ малдан алынатын жүн жіптер қолданылады. Кілемдерді әйелдер қолымен ағаш тоқыма станоктарында тоқып, 3 пен 5 шаршы метр көлемінде өндіреді. Хаккари кілемдерінің түсі, ою және өрнектерімен бір-бірінен ерекшеленетін және түрік тілінде «жандан безмек» (жалықтыру), «қырық гүл», «ахенкли куббе» (гармониялық күмбез) сияқты атауларымен назар аударатын 15 түрі бар.



Ұқсас жаңалықтар