Әлішер Науаи және түрік әлемі

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 8

2129951
Әлішер Науаи және түрік әлемі

Әлішер Науаи және түрік әлемі

Бүгін сіздерге Махмұд Қашқариден кейін түрік тіліне ең үздік қызметті атқарған кісі ретінде танымал,  Ортағасыр түрік мәдениетінде маңызды орны бар ақын, ойшыл,  мемлекет қайраткері Әлішер Науаи туралы айтып береміз.

**

  "Муһокамат-ул-луғатайн" атты туындысында түрік тілінің орнына парсы тілінде жазғандарға қарсы түрік тілі мен парсы тілін салыстырып,  көп жерде түрік тілінің парсы тілінен үстем екенін көрсетіп берген Әлішер Науаи кім?

Әлішер Науаи   1441 жылдың 9 ақпан күні Гератта дүниеге келді.  Әкесі Кіші Бахадыр Тимурұлдарының қызметінде болған. Бабур шахтың сарайында қызмет атқарған маңызды тұлға болған.  Айрықша ана жағынан атасы Бу Саид Чичек Хүсейін Байкараның атасы Байкара мырзаның басшыларының бірі болған. 1452 жылы Кіші Бахадыр баласы Әлішер Науаиді Бабур ханның қол астына берді.  Ол кезде Бабур хан Хүсейін Байкараны да қол астына алған еді. Бабур 1456 жылы Мешхедке кеткенде қасына Хүсейін Байкара мен Әлішер Науаиді ертіп кеткен. 1457 жылы Бабур Мешхедте қайтыс болғаннан кейін Хүсейін Байкара елге оралып, Әлішер Науаи сол жерде қалып, білімін жалғастырған.  Осы кезде оған тимурлықтардың құсшысы Сейид Хасан Ердешир көмектескен. Әлішер Науаи Мешхедте Имам Рыза медресесінде оқып жүріп көптеген Ирандық ақын-жазушы, ғалыммен танысады. Олардан сабақ алады. 1464 жылы Мешхедтен Гератқа оралған Әлішер Науаи осында Әбу Саид мырзаның қасында қызмет етсе де көңілі толмай, Самарқанға кетеді. Осында Қажы Желаледдин Фазлулла Әбу Лейсидің медресесінде оқыды. 1469 жылы Әбу Саид мырза Ақкойунлы мемлекетіне Иракқа жорыққа шықты.  Осы жорық барысында Ақкойунлы мемлекетінің билеушісі Ұзын Хасан Әбу Саид мырзаны өлтірді.  Осы хабардан кейін Сұлтан Хүсейін Гератты алып, 1469 жылы таққа отырды. Хүсейін Байкара таққа отырғаннан кейін жолдасы Әлішерді шақыртады.  Бір айдан кейін Әлішер Науаи Самарқандтан шығып, сарайға орналасады.  Өмірінің аяғына дейін Гератта билеушінің ең адал қызметкері болады.  Сарайда маңызды қызмет атқарады. Билеушіден кейін ең жоғары деңгейдегі тұлға болады. Құжаттарда мөрді үстіне басудың орнына астына басатын еді,  артынан осы әдіс ресми әдетке айналды. 1500 жылдың 31 желтоқсан күні Хүсейін Байкарамен сәлемдесу барысында жүрек талмасынан құлайды. 3 қаңтар күні қайтыс болады. Денесі Күдсие мешітінің қасына өзі салғызған мазарға жерленді. Артынан көптеген шығарма қалдырған Әлішер Науаидің Орталық Азия түрік тілі мен әдебиетінің дамуында үлкен үлесі бар.  Осыған байланысты шағатай тілі «Науаи тілі» деп аталып кеткен.

Туындылары Түркістан тысында Әзербайжан және Анадолыда да көп оқылды. Оны Османлы дәуірінің ақындары ұстаз деп есептеп, өлеңдеріне 15-ғасырдан бері ұқсатып түрлі өлеңдер жазылған. Әлішер Науаи диуан поэзиясына түріктіктен келген ұлттық факторлар салып кеткен.  «Менің ойымша түрік зиялыларының құқығын қайтарып алып бердім.  Өз тілдерінің қандай тіл екенін түсінді және парсша сөйлейтіндердің түрік тілін кемсіткен сөздерінен құтылды. Түрік ақындар менің осы ақиқатты ашып берудегі мақсатымды түсінер және мені алғыспен еске алар деп ойлаймын. Міне,  сол кезде рухым шад болар» деген екен ақын «Екі тіл туралы пікір» атты еңбегін жазған кезде. Ақынның түрік тілі туралы ойлары мен өлеңдерінің жазылу мақсатын мына сөздері айқындап береді: «түрік ақындарының барлығы парсы тілін меңгерген. Мырзасынан құлына дейін әрбір түрік парсы тілін үйренеді. Бұған қарамастан парсылардың ешбірі түрік тілінде сөйлемейді, сөйлесе де не айтқанын білмейді. Парсы тілі өте маңызды және егжей-тегжейлі тақырыптарды баяндауда жеткіліксіз болады. Түрік тілінің құрамында және ұғым әлемінің қалыптасуында көптеген сұлулықтар бар.  Түрік тілінде егжей-тегжейлі нәрселерді және ұсақ айырмашылықтарды баяндайтын сөздер табылады. Алайда бұларды білу үшін ғұламалардың түсіндіруі керек».

Осы сөздерден де көрінетіндей Әлішер Науаи тек мемлекет қайраткері немесе ақын емес,  түрік тілінің болашығының құтқарушысы деп атауға болатын маңызды тұлға. Оның туындылары әлі күнге зерттеліп келеді. Туындылары Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан және Өзбекстан секілді көптеген елдің кітапханаларында сақтаулы.

 

Дереккөз:

1. Ercilasun, Ahmet. B. (2004). Başlangıçtan Yirminci Yüzyıla Türk Dili Tarihi. Ankara: Akçağ Yay.

2. https://alisirnevayi.baskent.edu.tr/kw/menu_icerik.php?birim=678&menu_id=2https://islamansiklopedisi.org.tr/ali-sir-nevai 

3. https://www.turkedebiyati.org/ali-sir-nevai

4. Köprülü, Fuat, (1989). Edebiyat Araştırmaları - 2, İstanbul.

5.Levend, Agâh Sırrı, (1965). Ali Şîr Nevâyî Nevâî, I. Cilt, Hayatı, Sanatı ve Kişiliği, Türk Dil Kurumu Yayınları, Ankara.



Ұқсас жаңалықтар