Неліктен гидравликалық энергия маңызды?

Энергетика әлемі - 16

2126931
Неліктен гидравликалық энергия маңызды?

Неліктен гидравликалық энергия маңызды?

Түркия – 2023 жылы электр қуатының 36,3% көмірден, 21,4% циклдік электр станциялары арқылы табиғи газдан, 10,4% желден, 5,7% Күннен және 3,4% геотермалдық энергетикадан және 19,6% гидравликалық энергетика көздері арқылы өндіреді.

Түркияның жалпы орнатылған электр қуатының үштен бірі 32 мың 400 мегаваттық Су электр станцияcы (СЭС) арқылы қамтамасыз етіледі.

Ұлттық және таза электр энергиясын өндіру әдісі болып табылатын СЭС энергетика өндіру процесінде ешқандай қалдық немесе көміртегі шығарындыларын тудырмайды және елдің электр энергетикасына қажеттілігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

2002 жылдан бері араларында Юсуфели бөгеті мен СЭС, Ылысу бөгеті мен СЭС, Деринер бөгеті мен СЭС, Эрменек бөгеті мен СЭС сияқты маңызды әлемдік жобалар іске қосылды.

2000 жылдардың басында 45 миллиард киловатт-сағат болған жылдық су электр станциясының өндірістік қуаты шамамен 120 миллиард киловатт-сағатқа дейін өсті.

Осылайша Түркиядағы әрбір үшінші лампаның бірі СЭС-терде өндірілген электр энергиясымен жарықтандырыла бастады.

СЭС-ті кеңейтудегі мақсат ресурстарды барынша тиімді пайдалану және «энергетикада толық тәуелсіз Түркия» ретінде анықталды.

Юсуфели бөгеті мен СЭС-і биіктігі 275 метрмен Түркиядағы ең биік және өз санатында әлемдегі ең биік 5-ші бөгеті болып табылады. Бұл жоба 2,5 миллион адамның электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл Анталия көлеміндегі қала халқына сәйкес келеді, орташа жылдық электр қуатын өндіру күші 1,9 миллиард киловатт-сағат болып табылады.

Ылысу бөгеті мен СЭС – Түркияның Ататүрік, Карақайя және Кебан бөгеттерінен кейін орнатылған қуаты бойынша 4-ші ірі электр станциясы. Ылысу толтыру көлемі жағынан Түркияның 2-ші үлкен бөгеті болып табылады.

Іргетастан биіктігі 135 метр, толтыру көлемі 24 миллион текше метр және төбе ұзындығы 2 мың 327 метр болатын Ылысу бөгеті дене ұзындығы мен бетон бетінің ауданы бойынша әлемдегі ең үлкен жоба болып табылады.

2020 жылдың 19 мамыр күні алғаш электр өндірісін жүзеге асырған, 2020 жылдың 23 желтоқсан күні толық қуатында жұмыс істей бастаған нысан бүгінгі күнге дейін 8 миллиард киловатт электр қуатын өндірумен ел экономикасына шамамен 23 миллиард лира үлес қосуда.

Деринер бөгеті мен СЭС 249 метрлік биіктігімен Түркияның Юсуфелиден кейінгі 2-ші ең биік бөгет болып табылады және 670 мегаватт орнатылған қуатымен жылына орта есеппен 2 миллиард 118 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіре алады.

Су электр қуатының жаһандық орнатылған қуат рейтингінде Түркия 32 ГВт энергетика күшімен әлемде 9-шы, Еуропада 2-ші орын алса, Қытай 415 мың МВт-пен бірінші, Бразилия 110 мың МВт-пен екінші, АҚШ 102 мың МВт-пен үшінші орында.

Түркияның бөгет инвестициялары электр қуатын өндіру тұрғысынан үлкен мәнге ие, бірақ бөгет құрылысына тек осы себепті мән берілмейді.

Түркия адам басына шаққандағы судың мөлшері назарға алынғанда, су дағдарысынан зардап шегетін ел болып саналады. Болжамдарға қарағанда, бүгін 1519 м3 болатын адам басына шаққандағы су мөлшері 2030 жылы 100 миллионға адамға көбеюі болжалған Түркияда адам басына шаққандағы су мөлшері 1100 м3-ге дейін азаюы күтілуде. Бұл Түркияны суға кедей елдердің қатарына қосады.

Осы себепті суды тиімді пайдалану үшін аса маңызды тағы бір жоба жүргізілуде.



Ұқсас жаңалықтар