Қожа Ахмет Ясауи мен оның «Диуани хикмет» атты туындысы

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 4

2120482
Қожа Ахмет Ясауи мен оның «Диуани хикмет» атты туындысы

Қожа Ахмет Ясауи мен оның «Диуани хикмет» атты туындысы

"Өмірін түрік әлеміне арнағандар" атты бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде Қарахан дәуірі түрік әдебиетінің өкілдерінің бірі Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен оның «Диуани хикмет» атты туындысына тоқталамыз.  

**

«Түркістанның пірі» деп аталған,  12-ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи Ислам дінінің түрік халықтары арасында тарауы және жетілуінде маңызды үлесі бар сопылардың бірі.  Ахмет Ясауидің өмірін арқау еткен барлық мәтіндер негізінде халық арасында айтылған аңыздарға сүйенеді.   Алайда ол туралы шындықтарды көрсететін ең маңызды жазбаша дереккөз – «Диуани хикмет». Осы мәліметке қарағанда,  Ахмет Ясауи Батыс Түркістанда,  бүгінгі Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі Шымкент маңындағы Сайрам ауылында дүниеге келген.  Әкесі Әли тегінен Шейх Ибрагим, анасы болса Муса Шейхтың қызы Айша қатын.   

 Бала кезінде ата-анасынан айрылған Ахмет Ясауи апасы Гаухармен бірге Ясы қаласында тұрған.  Дереккөздер алғашқы білімін әкесінен,  артынан Сайдамның алдынғы қатарды ғалымы Шехабеддин Исфажабиден алғанын білдіреді.  Ясыға келгенінде «Аслан баб» деген атпен аталатын ұстаз Ахмет Ясауидің әрі рухани әкесі,  әрі мұғалімі болған. Айтылғанға қарағанда Аслан бабтың міндеті Әзірет Расулаллахтың рухани ишарасымен берілген.  Аслан баб қайтыс болғаннан кейін сол кездің маңызды Ислам өркениеті орталықтарының бірі болған Бұхараға келіп,  дәуірдің атақты ғұламасы Шейх Юсуф әл-Хамаданиден білім алады. Юсуф әл-Хамадани қайтыс болғаннан кейін Ясауи өзі ұстаз болады.  Бір мезгілден кейін Ясы қаласына қайта оралады.  Орталық Азия түріктеріне тән «Ясауи тариқатын» қалыптастырады.  Қысқа уақытта Қожа Ахмет Ясауи пікірлері мен туындылары Түркістанда кеңінен тарайды. Атағы шекара асып,  көптеген Ислам елінде танымал болады. Сондықтан бүкіл Ислам әлемінде «Мәдинада Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз тарайды. Қожа Ахмет Ясауидің туған жылы нақты белгілі емес.  Бірақ «Пақыр нама» атты туындыда 73 жыл өмір сүргені және 1166 жылы қайтыс болғаны туралы мәлімет кездеседі.  Қожа Ахмет Ясауи туралы айтылған маңызды мәліметтердің бірі де 63 жасқа келгенде «Пайғамбарымыз Әзірет Мұхаммедке Алла Тағала 63 жастан артығын бермеген. Маған да бұдан кейін жер бетінде өмір сүру –арам» деп жер астында қылует салдырып,  қалған өмірін сол жерде өткізгені туралы.

Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін қамтитын философиялық және әдеби өлең жинағы «Диуани хикмет» деп аталады.  «Диуани хикмет» бүкіл түрік әлемінің Ислам дінімен танысуында маңызды орынға ие.  Атақты түрколог Ераслан «Диуани хикмет» туындысының мазмұны туралы мынадай мәлімет береді: «Хикметтердің мазмұнын Исламият, Түркістан сопылығы және Ясауи тариқатының негіздері,  нанымдар мен ақидалар қалыптастырады.  Бұдан басқа кейбір хикметтерде адамгершілік пен әлеуметтік олқылықтарға тоқталған.  Мүнажат, мақтау және алғашқы төрт халифаға мақтау тысында қалған хикметтердің тақырыптарын Алла Тағалаға махаббат, Алланың бір екені, құдіреті, Әзірет Пайғамбардың сүйіспеншілігі,  Пайғамбардың шариғат пен сүннеті, ғибадат, Ислам моралі, ақырет өмірі, қиямет, жұмақ пен тамұқ туралы сөздер, дәруіштердің парасаттары, зікір мен Ясауи тариқатының әдеттері құрайды. Бүгінге дейін жинақталған Ясауи хикметтерінің саны 250-ден асады. Хикметтердің бүгінгі күнге дейін жетуі және жалғасуының басты себептерінің бірі – оның халық тілінде, қарапайым түрік тілінде айтылғаны. Айрықша хикметтердің барлығы қоғамда әуенмен айтылуы және Қожа Ахмет Ясауиден кейін келген көптеген дәруіштің де осындай өлеңдер жазуды жалғастыруы – хикметтердің сақталуындағы басты себептердің бірі.

Хикметтердің түрлі қолжазба және басылған нұсқалары әлемнің көптеген кітапханасында тұр. Қолдағы нұсқалардың ең ескісі 16 немесе 17-ғасырдан қалған.  «Диуани хикмет» туындысының кейбір нұсқалары Стамбул Университеті Түркология зерттеулері институты кітапханасы, Манчестерде,  Конияда Мәулана мұражайы кітапханасында, Ленинград Азия халықтары мұражайында.

Пікірлерімен ғасырлардан асқан Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болғанына 850 жыл толған 2016 жылды ЮНЕСКО «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жариялады. Ұлы тұлғаның түрік әлеміне қалдырған ізін артынан ерген Мәулана,  Юнус Эмре және Қажы Бекташ әзірет секілді қайраткерлерде көруге болады.    

 

 

KAYNAKLAR:

1. Şengün, N. (2016). Dîvân-ı Hikmet’te Dil, Anlatım ve Muhteva Hususiyetleri. Diyanet İlmî Dergisi, 52 (4), 129-146.

2. Türküresin, H.E. (2021). Pir-i Türkisatn Hoca Ahmed Yesevî ve Divan-ı Hikmet’te Bulunan Değerler. Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Veli Araştırma Dergisi, 99, 267-284. 

3. Petek, E, Dağıstan, S. (2017). Dîvân-ı Hikmet’in Yeni Bir Nüshası ‘Köksetav Nüshası’. Türk Dünyası, Dil ve Edebiyat Dergisi, 43, 207-233.

4. Çakan, V. (2005). Hoca Ahmed Yesevi ve Divân-ı Hikmet. Milli Folklor, 17 (68), 201-207.

5. Bice, H. (2016). Pîr-i Türkistan Hoca Ahmed Yesevi, Ankara. s.400



Ұқсас жаңалықтар