Стамбулдың символы - Қыз мұнарасы

Капитанның борт журналы - 3

2120476
Стамбулдың символы - Қыз мұнарасы

Стамбулдың символы - Қыз мұнарасы

Ол – қиял мен шындық арасында сұлу ғимарат. Бөлмелерінде жүздеген жылдың хикаясын сақтаған, қабырғаларына соққан толқындармен сол хикаяны қайта еске түсірген және еске салған теңдесі жоқ сұлулық. Босфор бұғазының ортасында жалғыз өзі тұр. Жер бетіндегі ең сұлу, ең жалғыз және ең романтикалық мұнара. Қыз мұнарасы.  Тек сұлулығымен емес, өзі туралы айтылған аңыздармен де әрдайым назар аударып келген. Стамбул деген кезде еске бірден түсетін символдардың бірі, Стамбул келбетінің бір бөлшегі – Қыз мұнарасы.

«Жиһанкез» қайығының құрметті жолаушысы.  Бүгінгі ротамыз сіз де байқағандай, сұлу және тәкаппар Қыз мұнарасы. Үскідарға қарай жолға шығып, осы ертегіге айналған ғимаратқа баралық.

Жүргізілген бір зерттеуге қарағанда, Қыз мұнарасы әлеуметтік желіде ең көп суреті жарияланған фотосуреттер тізімінде баста келеді.  Қыз мұнарасы тек соңғы кезде емес,  көп жылдан бері жұртшылық қызыққан ғимарат. Бұрын фотосурет болмаған,  сонда да өзіне әрдайым орын тапқан осы романтикалық мұнара.  Мысалы Стамбул туралы миниатюра және гравюралардың барлығы дерлігінде және Османлы кезінде үйлердің қабырғаларында суреттелген. Түрлі кездегі карталарда,  Қыз мұнарасы өте кішкентай болуы керек болса да,  егжей-тегжейлі орын берілген. Үлкен қып сызылған. 19-ғасырда болса Қыз мұнарасы жергілікті және шетелдік өнер қайраткерлерінің картиналарында, фотосуреттерінде көзге түсетін ғимараттардың біріне айналды.

Шағын бір аралшыққа салынған, әлем көлемінде әйгілі болған басқа мұнара бар ма, белгісіз. Оны теңдесі жоқ қылған фактор – өнер қайраткерлерінің,  саясат қайраткерлерінің, саяхатшылардың бас тартылмас қаласы Стамбулда, тіпті екі құрлықтың ортасында орналасқан болуы. Бірақ бәлкім осы секілді маңызды басқа бір фактор – өзі туралы айтылған түрлі аңыздар.  Қазір сіздерге Қыз мұнарасы туралы аңыз айтып береміз.  Аңыз ба,  шын ба, өзіңіз шешім берерсіз.

Византия императоры теңіздің ортасындағы осы табиғи жартастың үстіне қорғаныс мақсатты мұнара салғызады.  Фатих Сұлтан Мехмет падиша Стамбулды жеңіп алғаннан кейін осы жерге жаңа қамал салдырады.  Салынған күннен бері Босфор бұғазының суымен тарих бірге ағады.  Қыз мұнарасының басынан өрт, жер сілкінісі өтеді.  Бір күні түнде шамнан бір ұшқын қамалды өртке орайды.  Ғимаратқа үлкен зиян келеді.  Қысқа уақытта қажетті жөндеуден өтеді. Бірақ бұл жолы теңіз ортасындағы Қыз мұнарасының едені шіри бастайды.  Толқындардың мықтылығы соншалықты,  мұнараның төңірегіндегі ірі тастарды да теңізге алып кетеді.  Османлы сарайының бас сәулетшілері осы сұлу ғимаратты сақтап қалу үшін ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізеді.  Алайда осы жөндеу жұмыстарынан бірнеше жылдан кейін Стамбулда тарихындағы ең жойқын жер сілкіністерінің бірі болады.  Өкінішке қарай, Қыз мұнарасы да зақым көреді.  Тағы бір рет жөнделіп, уақытқа тойтарыс көрсетіп,  бүгінгі күнге дейін жетеді.

Қыз мұнарасының қорғаныс мақсатты салынғанын айтып кеткен едім.  Бірақ уақыт өте келе осы керемет ғимарат түрлі мақсаттарда қолданылады.  Алдымен теңіз маягы болады. Тырысқақ індеті кезінде карантин ауруханасына айналады.  Радар стансасы, қойма болады.  Қыз мұнарасы бүгінгі күні мұражай ретінде қызмет атқаруда.  Бұрын мұнарада зеңбірек ауласы,  шамшырақшының бөлмесі,  күзетші орындары және су қоймасы болатын.

Қыз мұнарасы туралы аңыздардан сөз қозғайық енді.  Бір құмалақшы Византия императорына қызын жылан шағып өлтіретінін айтады.  Осыны естіген император қызына жылан жете алмайтындай, теңіздің ортасындағы осы мұнараға орналастырады. Бірақ күндердің бір күні жеміс себетінің ішінде мұнараға келген жылан ханшайымды шағып алады. Ханшайым қайтыс болады.

Басқа бір аңызға қарағанда, мұнарада өмір сүретін бір діни әйел қызметкер болған. Леандрос атты жас жігіт осы қызға ғашық болады.  Оны көру үшін мұнараға қарай жүріп бара жатқанда тұншығып өледі. Византия жазбаларында мұнараның атының Леандрос мұнарасы болуының себебі осы.

Басқа бір аңызды тыңдауға дайынсыз ба? Үскідар әкімінің қызы түрік тарихында маңызды орны бар Баттал Ғазиге ғашық болады.  Әкім екі ғашыққа тойтарыс беру үшін қызын осы мұнараға қамап тастайды. Бірақ Баттал Ғази қайықпен келіп, қызды алып қашырады.

Аңыз,  ертегі немесе шындық.  Бұларды қиялыңыздың бір бөлшегі ретінде де тыңдауға болады.  Шын болған оқиға деп те қарауға болады.

Сіз шешім беріңіз.



Ұқсас жаңалықтар