Түркия энергетикаға бай елдер үшін неге маңызды?

«Энергетика Әлемі» - 13

2119591
Түркия энергетикаға бай елдер үшін неге маңызды?

Түркия энергетикаға бай елдер үшін неге маңызды?

Түркия Еуразия және Таяу Шығыс энергетика резервтерінің көпшілігі Еуропаға ашылатын жағрафияда орналасқан.

Осы себепті Түркияның энергетика орталығы болу жобасы басталды. Осы аяда Фракияда бір энергетика стансасы салынуда. Сондай-ақ Cтамбулдың Аташехир ауданында Қаржы орталығында да энергетика биржасын құру жоспарлануда. Бұл жоба арқылы Түркия табиғи газ мен мұнайда тек транзиттік ел болу тұғырынан шығады. Энергетикалық сауданы тікелей жүргізетін елге айналады.

Аталмыш жобаға Түркияның айналасындағы барлық елдер қосылғысы келеді. Өйткені энергетикаға ие болуға қоса, сатып алушылар санын арттыру энергетика резервтерін иеленген елдер тұрғысынан да маңызды.

Ирак: Бұл ел шамамен 150 миллиард баррель мұнай қорымен әлемдегі ең үлкен мұнай қоры бойынша 9-шы орында. Табиғи газ резерві әлемдік қордың 1,9 пайызына сәйкес келеді. Ирак пен Түркия бірлесе жүзеге асырған «Даму жолы және Фав порты» жобалары халықаралық конъюнктураға үлкен әсер етеді. 2028 жылы аяқталуы жоспарланған жобамен Суэц каналы мен Үміт мүйісі желілеріне жаңасы қосылады. Ирак көмірсутегі ресурстарына қоса, Парсы шығанағы аймағының энергетика ресурстары Түркия арқылы Еуропа мен Шығыс Жерорта теңізіне тасымалдана алады. Даму жолы жобасы аяқталғаннан кейін Ирак пен Түркия арасында жаңа табиғи газ және мұнай құбырларының салынуы да күн тәртібіне келуі мүмкін.

Иран: Тегеран үкіметінің шамамен 156 миллиард баррель шикі мұнай қоры және 34 триллион текше метр табиғи газ қоры бар. Қазір Түркия мен Иран арасында жылына орташа есеппен 6 миллиард текше метр табиғи газ тасымалданатын құбыр желісі бар. Алайда Иран әкімшілігі табиғи газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдауға өте ынталы. Энергетика орталығы құрылғаннан кейін елдің Еуропаға мұнай сатуы үшін Түркияның есігін қағатыны сөзсіз.

Әзербайжан: Елде бүгінгі технологиямен дәлелденген 1,5 миллиард тонна мұнай мен 2,2 триллион текше метр табиғи газ қоры бар. Қолданыстағы табиғи газ құбыры арқылы Түркияға жылына 12 миллиард текше метр табиғи газ тасымалданады. Бұл газдың 6 миллиард текше метрі Транс-Адриатикалық газ құбыр желісі (TAP) арқылы Еуропа елдеріне тасымалданады. Аталмыш құбыр желісінің алдағы жылдары құбыр өткізу қабілетін екі есеге арттыруы жоспарлануда. Кейін жаңа желілерді салу да күн тәртібіне келуі мүмкін.

Ресей: Ресей шамамен 38,9 триллион текше метрлік резервімен табиғи газ бойынша әлемдегі ең бай ел. Ресей 107 миллиард 804 миллион баррель мұнай резервімен әлемде алтыншы орында тұр. Ресей Түркиядағы энергетика орталығының негізгі жеткізушісі болғысы келеді. «Солтүстік ағын» желісінің соғыс кезінде функционалдығын жоғалтуы Ресейдің Түркияға толығымен бет бұруына себеп болды. Осылайша Украинаны толығымен айналып өтетін Ресей Түркия арқылы Еуропаға табиғи газ саудасын арттырғысы келеді. Ресей энергия орталығын әлемге көшірумен бірге «TURKAKIM 2» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Түрікменстан: 15 триллион текше метр табиғи газ резерві бойынша 4-ші ел болып қабылданады. Ел жыл сайын 100 миллиард текше метрге жуық табиғи газ өндіріледі. Түрікменстан өзінің табиғи газының барлығын дерлік Қытайға сатады. Осы себепті ел өз ресурстарын әртараптандыруды мақсат етіп отыр. Жуырда Түркия мен Түрікменстан арасында табиғи газ саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Екі ел арасындағы жоба Түрікменстан табиғи газын танкерлермен Бакуге жеткізіп, қуаттылығы кеңейтілетін Транс-Анадолы газ құбыр желісі (TANAP) арқылы алдымен Түркияға, одан кейін Еуропа елдеріне жеткізуді көздейді.

Катар: Жалпы мұнай резервінің 25,2 миллиард баррель екені болжалады. Күніне 75,9 миллион тонна мұнай өндіретін елдің ондай-ақ 24,7 триллион текше метр табиғи газ резерві бар. Еуропаға үлкен көлемде табиғи газ экспорттайтын жалғыз Парсы шығанағы елі болып табылатын Катар 2020 жылдан кейін Еуропа елдеріне экспортын 65 пайыздан астам арттырды. Ирактың «Фав порты жобасын» Катар да тағатсыздана күтуде. «Фав порты жобасы» арқасында ел табиғи газ мен мұнайын Түркия арқылы Еуропа елдеріне тасымалдау шығындарын азайтып, табиғи газы мен мұнайын Түркия арқылы Еуропа елдеріне жіберуді нысанаға алып отыр.

Сауд Арабиясы: Мұнай резервтері ең жоғары болған елдер арасында Сауд Арабиясы екінші орында. Сауд Арабиясының 266 миллиард баррель мұнай резерві бар. Күніне шамамен 10 миллион баррель шикі мұнай өндіретін ел аталмыш мұнайдың 7 миллионын экспортқа шығарады. Сауд Арабиясында да шамамен 9 триллион текше метр табиғи газ резерві бар. Сауд Арабиясы да Ирактағы Фав порты мен оның Түркия арқылы Еуропаға кеңеюін жеңілдететін «Даму жолы жобаларына» қатты қызығушылық танытады.

Жерорта теңізінің шығысы: Қазірдің өзінде Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің біржақты қадамдарына байланысты үлкен келіспеушіліктер орын алған Жерорта теңізінің шығысында 1,7 миллиард баррель мұнай және 3,5 триллион текше метр табиғи газ резерві бар деп болжалуда.



Ұқсас жаңалықтар