Тіл-халықтың  басты рухани байлығы

Неге десеңіз?-13

2119262
Тіл-халықтың  басты рухани байлығы

Тіл-халықтың  басты рухани байлығы. Әр халық үшін тіл маңызды құндылық. Тіл мен ойлау арасындағы күрделі өзара ықпалы мәдени, танымдық және жеке факторлармен қалыптасады. Тіл  сезім мен ойды жеткізетін бір  құрал деген пікірді құптайтындар  бірте-бірте тіл ойды қалыптастырады деген тезиске ауыстырды. Бұл күрделі тақырыпқа бармай-ақ, Людвиг Витгенштейннің «Менің тілімнің шегі – менің әлемімнің шегі» деген сөзін еске алудың өзі тілдің әлемдегі бар болмысымызды анықтайтынын көрсетуге жеткілікті.

***

Тілді дұрыс қолдану біздің тиімді қарым-қатынас жасау қабілетімізді арттырады. Жұмыста, мектепте, тіпті отбасылық өмірімізде орын алатын қарым-қатынастағы олқылықтар көбінесе тілді дұрыс қолданбаудан болады. Бұл жағдай көптеген негативтілікке, әсіресе сәтсіздікке және бақытсыздыққа апарып соғады. Ана тіліміздің нәзік тұстары мен сөздік құрамы өз ойымызды жеткізу үшін де, басқа адамды дұрыс түсіну үшін де білуіміз керек негізгі элементтер.

***

Ана тілімізді жетік білу төл мәдениетімізді түсіну, таныту қабілетімізді арттырады. Бұл бізге мәдени контекстке бай өмір сүруге көмектеседі. Сонымен қатар жақсы тілдік негіз шет тілін үйрену процесін жеңілдетеді. Грамматикалық ережелер мен лексиканы түсіну шет тілді үйренудің артықшылығы болып табылады. Осылайша адамдар әлемді әртүрлі тілдер арқылы, яғни кеңірек көзқараспен тануға мүмкіндік алады.

***

Ана тілін меңгерудің ойлау және шығармашылық қабілеттерге оң әсер ететінін көрсететін көптеген зерттеулер бар. Зерттеу нәтижелері тілдің күрделі құрылымын бойына сіңіріп, оны дұрыс пайдалана білген адамдардың мамандығына қарамастан күнделікті өмірде де, кәсіби салада да табысты болатынын көрсетеді. Сонымен қатар тілдік қабілеттер психикалық денсаулыққа оң әсер етеді. Тіл қолдану ойлау процестерін реттейтіндіктен, зерттеу нәтижелері де өз тілін тиімді пайдаланатын адамдардың Альцгеймер сияқты аурулардан қорғануда артықшылығы бар екенін растайды.

***

Сөзіміздің соңында бұл қабілетке ие болу  үшін мектепте алған білімнен бөлек, кітап, газет, журнал оқу, театрға бару және сөздік пайдалану қажет екенін еске саламыз. Сондықтан тілді дұрыс қолданайық.



Ұқсас жаңалықтар