Кузгунжук

Капитанның борт журналы - 2

2115935
Кузгунжук

Кузгунжук

«Жиханкездің» құрметті жолаушысы.  Қайығымызға қош келдіңіз. Бүгін ротамызда ертегіге ұқсас бір жер бар.  Түрлі түсті және сүйкімді үйлерімен картинаға ұқсас Кузгунжукқа барамыз. Егер дайын болсаңыз, жолға шығалық. Бейлербейінен Кузгунжук кемежайына қарай жүрген кезде, сәулеті, тұңғыштары және хикаяларымен алғашқы аялдамамыз Жемил Молла сарайы болады. 

Қазір біз алдынан өтіп бара жатқан шағын сарайдың барлық бөлмелерінің терезесінен теңіз көрінеді. Керемет емес пе? Жемил Молла сарайы сарай тысында жылу жүйесі орнатылған алғашқы ғимарат ретінде тіркелген.  Сарай тысында бірінші рет электр қуаты және телефон қолданылған жер де осы жер. Жарқыраған іші және витрай қолданылған бөлмелері тысында ол туралы айтылған қорқынышты хикаяларымен де танымал. Бұл үйді халық «перілі үй» деп атап кеткен.

Кузгунжук кемежайына қарай жолымызды жалғастырамыз. Ауа жылы, шағалалар бір жерге асыққандай ұшып жүр. Кемежайға жақындайық және адамды құшақ жайып қарсы алатын осы ауданды аралауымызды басталық. Кузгунжук – мешіті, шіркеулері және синагогларымен Стамбулдың толерантты аудандарының бірі. Осы жерде үш түрлі діннің ғибадатханасын бір көшеде көруге болады. Бүгін грек, армян және иудей жамағаттары көп қолданатын ғимараттарға қазір барамыз. Алдымен кино түсірілетін жерлерге ұқсайтын, Стамбулда емес бір ауданда секілді сездіретін Кузгунжук үйлерін көрелік.  Көбі рестоврациядан өткен, 2-3 қабатты, балконы бар және түрлі түсті ретінде боялған осы ағаштан салынған үйлер Кузгунжуктың барлық жеріне таралған. Бұрын шағын сарай немесе керемет үй болған жерлер қазір кафе, кітап дүкені немесе антиквариат сатылатын дүкенге айналған.  Көптеген ақын, жазушы және өнер қайраткері өмір сүрген бұл ауданда.  Носталгиялық көрінісімен Кузгунжук көп жылдар бойы көптеген фильм, сериал және жарнама үшін таңдалған. Осындағы тұрмыс бұрынғыдан өзгеше болса да жалғасып жатыр қазір. Осыған ең тамаша мысал – Марко Паша сарайы. Османлы дәуірінің атақты шағын сарайы бүгін қызметін бастауыш мектеп ретінде жалғастыруда. 

Жоғарыда айтқанымдай Кузгунжуктың тамаша үйлерінің керемет үлгілерін көру үшін енді Симитчи Тахир көшесіне барайық. Осы көшедегі үйлердің әрбірі суретке түсіруге лайықты. Адамды ескі уақыттың Стамбулына апаратын осы үйлердің артында бізді бір тосынсый күтіп тұр. Біраз жылжиық,  сіз де өз көзіңізбен көріңіз. Бұл жер – Кузгунжук бақшасы. Түрікше айтқанда – бостан. Бостан – жеміс және көкөніс өсетін егіншілік алаңы. Стамбулдың ортасында бақша. Иә,  сену қиын, бірақ бұл шындық. Кузгунжук тұрғындары барлық жердің бетонға айналуына қарсы тұру және бұрынғыдай тұрмыс салтын жалғастыру мақсатымен осы жерді егуді жалғастырған.  Осылайша әрі тарихи бақша сақталып қалған,  әрі жеміс-жидек пен көкөніс өсіреді. Бақшада медициналық мақсатта және ароматизацияда қолданылатын өсімдік алаңдары, серуен жолдары,  балалар үшін ойын алаңы және хобби ретінде қолданылатын бақшалар орын алған.

Енді сапарымыздың басында айтылған бір көшеде орналасқан діни ғимараттарды көруге баралық.  Кузгунжук Стамбулдың Азия жағында иудейлер алғаш орналасқан аймақ ретінде белгілі.  Тіпті кейбір дереккөздер Кузгунжуктың бірнеше ғасыр бұрын иудей ауылы болғанын жазады.  Бүгінгі күні де осында қолданылатын екі синагога бар.  Кузгунжуктағы басқа бір діни ғимарат болса армян жамағаты ғибадат ететін Сурп Григор Лусарович шіркеуі. Осы шіркеу Кузгунжук мешітімен бір ауланың ішінде. Ауданда екі православ шіркеуі бар.  Осы діни ғимараттар түрлі нанымға сенетін адамдардың осы ауданда тату-тәтті өмір сүретінін анық көрсетеді.

Бүгін бұрынғы Стамбулды барлық жағынан көрсететін үйлерімен танымал Кузгунжукта болдық. Осында уақыт өткізу жанымызға жылы тиді.  Енді қайығымызға қайтып оралатын уақыт та келіп жетті.



Ұқсас жаңалықтар