Жануарлар 45 мың жыл бұрын анықталған алғашқы суреттерден бері адамзат мәдениетінің тірегі болған

Неге десеңіз?-20

2138886
Жануарлар 45 мың жыл бұрын анықталған алғашқы суреттерден бері адамзат мәдениетінің тірегі болған

Адамзатқа қатысты тұжырымдар жануарлардың фигураларының біздің өмірімізде алғашқы белгілі адамдар қауымдастығынан бері болғанын көрсетеді. Жануарлар 45 мың жыл бұрын анықталған алғашқы суреттерден бері адамзат мәдениетінің тірегі болған шығар. 12 мың жыл бұрын салынған, ашылуы арқылы өзінен бұрын қалыптасқан тарихи түсінігін өзгерткен  Гөбеклитепеден бастап, барлық белгілі мифологияларға дейін жануарлар адамның табиғи өмірмен бөлісу және символдық көрініс үшін пайдаланатын ең негізгі ресурс болып табылады.

***

Мифологиялар табиғат құбылыстарының, әсіресе жыртқыш және улы жануарлардан қорқудың, адамның шексіз қиялынан туындайды десек, артық айтқандық болмас. Қазірдің өзінде белгісіз оқиғаларды түсіндіру үшін табиғаттан тыс күштерге жүгіну адамзаттың адасып кеткен жолдарының бірі болып табылады. Біз жануарлардың бұл күштерді көрсету үшін ерте заманнан бері қолданылғанын білеміз. Мифологиялық кейіпкерлер мен рәміздер бүгінгі күні планета атауларында көбірек көрінсе де, күнделікті өмірде біз жиі кездесетін фигура бар: біз барлық ауруханаларда көретін медицина саласының жылан суреттелген  символы.

            

***

Қазір Лувр мұражайында тұрған Шумер патшасы Бірінші Гудеяның тас бедерінде су ішетін стақанға бір-біріне оралған екі жылан денсаулық құдайы Нингиззиданы бейнелейді деген пікір бар. Ежелгі грек және рим мифологиясында жылан медицина құдайы саналатын Аслепиостың белгісі болып табылады. Науқастарды емдейтін Аслепиос таяғымен оралған жыланмен бейнеленген. Сонымен қатар Ежелгі Месопотамия және Мысыр мәдениеттерінде жыландар емделу мен қалпына келтіруге байланысты құдайдың нышандары ретінде пайда болады. Жыланның терісін төгу арқылы қайта қалпына келу қабілеті аурудан айығу арқылы жаңаруды білдіретін метафора ретінде көптеген көне мәтінде де орын алады.

***

Жыланның болжауға болмайтын қимылдары мен оның өлімге әкелетін уынан туындаған қорқыныш оны құрметтейтін, тіпті жазылады деп ойлау қателеспес еді. Ежелгі адамдардың бұл көзқарасы бүгінгі біздің өмірімізде басқаша. Жылан уы бүгінде фармацевтика өнеркәсібінде қолданылатын химиялық зат. Сөзіміздің соңында фармакология сөзінің негізін құрайтын «фармакон» сөзінің көне грек тілінен аударғанда әрі у, әрі дәрі деген мағына беретініне де айтып өтейік. Сонымен 1959 жылы Дүниежүзілік медицина қауымдастығы медицинаның символы ретінде қабылдаған таяққа оралған екі жылан сияқты ұғымдарды тоғыстырып, тақырыпты аяқтайық.



Ұқсас жаңалықтар