«Хайраболу десерті»

"Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері" - 11

2114496
«Хайраболу десерті»

«Хайраболу десерті»

Тіркелген уақыты: 09.08.2021

Түркияның Мәрмәр теңізіндегі қалаларының бірі Текирдағдың Хайраболу ауданының атымен аталған «Хайраболу десерті» - ірімшік пен шәрбат қосылған десерт түрі. Хайраболу аудан әкімшілігінің өтініші бойынша 2021 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері тізіміне енген Хайраболу десерті негізінен ерекше ірімшікпен жасалады. Аймақтағы жайылымдарда өсірілген ірі қараның шикі сүтінен жасалған ірімшік ет тартқышта майдалап туралады. Ұсақталғаннан кейін ірімшікті үлкен ыдысқа жұмыртқа, жарма, ұн және ас содасын қосып, жақсылап иленеді. Қамыр бірден жарты шарға ұқсас кесіліп, науаға салынып, 330 градус жылуда 15 минут пісіріледі, содан кейін бөлме температурасында салқынғанша қалдырылады. Салқындатылған тәтті қамырға су, қант және лимон қоспасынан жасалған шәрбат дайындалады. Содан кейін десерт пен шербет бір уақытта қайнатылады. Шеберлікті қажет ететін бұл сатыда десерттің ішкі және бүкіл бетін шәрбеттеу үшін пісірілген қамырды4 екі бетін бірдей айналдырып отыру керек. Кейінірек ұсынылатын Хайраболу десертінің үстіне қалауыңызға қарай жаңғақ, фундук, тахин және қаймақ қосуға болады. Кептірілген күйінде де сатылатын Хайраболу десертін 8 ай бойы бұзылмай сақтауға мүмкіндік бар. Шербетпен жасалған десертті кем дегенде 10 күндік мерзімде тұтыну керек.



Ұқсас жаңалықтар