Геотермалды энергетика

«Энергетика әлемі» - 10

2111409
Геотермалды энергетика

Геотермалды энергетика

Геотермалдық энергетика - жердің жақын қабаттарындағы магмадан, судан, будан және ыстық тау жыныстарынан алынатын энергия түрі және оны жер бар кезде пайдалануға болады.

Геотермалды энергетика көздері ауа райы жағдайына қарамастан тәулік бойы аптасына 7 күн бойы электр энергиясын өндіруге мүмкіндігі бар.

Электр энергиясы геотермалды кен орындарында бұрғыланған ұңғымалардан буға және суға бөлінгеннен кейін турбина мен генераторлар арқылы өндіріледі.

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде «геотермалды энергетика көздерін» талқылаймыз.

*   *   *

Геотермалды энергия тұрақты, сенімді және экологиялық тазалығының арқасында әлемде назар аудара бастады.

Түркияның 2023 жылы электр қуаты өндірісінің 36,3 пайызы көмір, 21,4 пайызы табиғи газ, 19,6 пайызы гидравликалық энергия, 10,4 пайызы жел, 5,7 пайызы күн, 3,4 пайызы геотермалды энергия және 3,2 пайызы басқа энергетикалық көздерден қамтамасыз етіледі.

  Түркия болса геологиялық және жағрафиялық тұғырына байланысты белсенді бір тектоникалық белдеуде орналасқандықтан геотермалды ресурстары жағынан әлем елдері арасында бай орын алады. Елдің көптеген аймағында мыңға жуық геотермалды ресурстар бар.

Түркия қазіргі уақытта геотермалды әлеуеті бойынша Еуропада 1-ші, орнатылған қуат бойынша әлемде 4-ші ел болып табылады.

Геотермалды энергетикадан электр қуатын өндіру бойынша алғашқы бес ел АҚШ, Индонезия, Филиппин, Түркия және Жаңа Зеландия.

Дегенмен Түркияның мақсаты – 2030 жылы өндірісті төрт есеге арттырып, энергия қажеттілігінің шамамен 10 пайызын геотермалды ресурстардан алу арқылы осы санатта әлем көшбасшысына айналу.

Түркияның геотермалды әлеуеті де айтарлықтай жоғары деп есептеледі.

Әлеуетті аймақтардың 78 пайызы Анадолының батысында, 9 пайызы Анадолының орталығында, 7 пайызы Мармара аймағында, 5 пайызы Анадолының шығысында және 1 пайызы басқа аймақтарда орын алады.

Геотермалды ресурстардың 90 пайызы төмен және орташа температураға бөлінеді. Сондықтан жылыту, термалдық туризм мен өнеркәсіптік жұмыстарда қолданылады.

10 пайыздық бөлігі болса электр энергетикасын өндіруге жұмсалады.

Түркияда геотермалды энергиядан алғаш электр қуатын өндіру 1975 жылы 0,5 мегаваттық қуаты бар «Қызылдере» электр станциясымен басталады.

1990-2004 жылдары аралығында жүзеге асырылған саясаттың салдарынан тоқтап қалған геотермалды энергияны іздеу жұмыстары 2005 жылдан бастап қарқын ала бастады. Бұрғылау әдісімен геотермалды энергетика резервін іздеу барысында 2000 метрден 28 000 метр тереңдікке дейін түсе бастады.

Геотермалды энергетиканы іздеп жатқанда, Пайдалы қазбаларды зерттеу және іздеу Бас дирекциясына геотермалды энергияны барлауға бөлінген қаражат 10 есеге арттырылды.

2023 жылдың басында резервті әртараптандыруға қоса электр қуатын өндіру 1 686 мегаваттқа дейін өсті. Сонымен қатар 150 мыңнан астам тұрғын үй геотермалды энергиямен жылытылады.

Түркияның мүмкін болатын геотермиялық жылу әлеуеті 4 500 мегаватт ретінде болжалды.



Ұқсас жаңалықтар