Өзбекстан-Беларусь қарым-қатынастары

Еуразия күн тәртібі –07

2103638
Өзбекстан-Беларусь қарым-қатынастары

 

2024 жылының 7-9 ақпанында Беларусь президенті Александр Лукашенко Өзбекстанға ресми сапармен барды. 8 ақпанда Ташкентте екі ел президенті оңаша және делегация аралық кездесулер өткізді. Беларусьтің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толыққанды мүшелігі мәселесі де президенттер кездесуінің күн тәртібіндегі тақырыптардың қатарында болды. Келіссөздер соңында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Ташкент қаласында Өзбекстан мен Беларусь арасында барлығы 14 келісімге қол қойылды. Өзбекстан президенті Мирзиеевтің 2019 жылы Беларуське жасаған ресми сапары барысында екі ел арасында 13 келісімге қол қойылған еді.

Шавкат Мирзиеев пен Александр Лукашенконың бірге шаңғы тебуі және хоккей матчын тамашалау үшін Хумо Аренаға баруы көшбасшылар арасында сенім орнатты және бұл екіжақты қарым-қатынастардың дамуына айтарлықтай септігін тигізеді деп айта аламыз.

Сапар аясында Өзбекстанда Өзбекстан-Беларусь Үкіметаралық комиссия отырысы, Өзбекстан-Беларусь 2-аймақаралық форумы, Өзбекстан-Беларусь ректорлар форумы және Өзбекстан-Беларусь денсаулық сақтау мекемелері басшыларының кездесуі өтті. 2-ші Өзбекстан-Беларусь аймақаралық форумында екі ел арасында 1 миллиард долларлық келісімге қол қойылғаны жарияланды.

Екі ел арасындағы сауда көлемі 620 миллион долларға жетті. Өзбекстан-Беларусь бірлескен сауда көлемі 2017 жылы 130 миллион долларды құрады. Президенттер бұл көрсеткішті 2026 жылға қарай 1 миллиард долларға жеткізуді тапсырды.

Соңғы жылдары Өзбекстан мен Беларусь арасында құрылған бірлескен компаниялар саны төрт есеге өсті. Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты дамыту арқылы үшінші елдерге өнім экспорттауды мақсат етіп отыр. Екі елдің ауыл шаруашылығы, фармацевтика, ауыр өнеркәсіп, тоқыма және құрылыс салаларындағы ынтымақтастығы жоғары деңгейде дамып келеді.

Өзбекстан мен Беларусь Кеңес Одағы  кезінде қарқынды ынтымақтастықта болды. Алайда Беларусьтегі  Өзбекстан елшілігінің 2018 жылдың наурыз айында ашылғанын ескерсек, Өзбекстан президенттері Ислам Каримов пен Шавкат Мирзиеев Беларуське бір рет ресми сапармен барғанын, ал Беларусь Президентінің соңғы уақытта Өзбекстанға небәрі 3 рет ресми сапармен барғанын байқаймыз. Осыдан Өзбекстан мен Беларусь арасындағы тәуелсіздік жылдарындағы қарым-қатынастар өте жоғары деңгейде емес деп айта аламыз. Шавкат Мирзиеев президент болғаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқын ала бастады. 2023 жылы Өзбекстан мен Беларусь Мәжілісінің төрағалары мен премьер-министрлері кездесулер өткізді.

Беларусьтің Ташкентте «Свитанак» деп аталатын мәдени орталығы жұмыс істейді. Өзбекстанда тұратын белорустардың саны 18 мыңнан асады. Өзбек студенттері Беларусьте қытайлықтардан кейін жоғары білім алатын екінші студенттік топ болып табылады.

Қорыта келгенде, Өзбекстан-Беларусь қарым-қатынастары соңғы жылдары барлық салада дами бастады. Беларусь Өзбекстан арқылы Оңтүстік Азияға кеңейгісі келеді. Еуропа елдерімен дағдарысы болған Беларусьтің оңтүстік-шығыс елдеріне назар аударуын қажет етеді. Бұл тұрғыда Беларусь президенті Александр Лукашенконың Өзбекстанға сапарының маңызы зор.



Ұқсас жаңалықтар