Ежелгі әлемнің зауыт қаласы: Лаодикея

Ең қызықты деректер - 68

2102951
Ежелгі әлемнің зауыт қаласы: Лаодикея

Ежелгі әлемнің зауыт қаласы: Лаодикея

Ежелгі дәуірден бері Денизлиде күнкөріс көзі – текстиль. Бүгінгі күні 185 елге текстиль экспорты жасаған қаланың тоқымамен қатынасы кездейсоқ емес.  Себебі ежелгі әлемнің тоқыма алпауыты, бүгінгі күннің Денизлисіндегі Лаодикея ежелгі қаласы.

**

Денизли ең байырғы құжаттарға қарағанда тап 7 мың жылдан бері тоқымамен айналысады.  Бүгінгі күні қалаға ең үлкен табыс текстиль саласынан келеді.  Текстиль өндірісімен айналысатын жалғыз қала емес әрине, бірақ текстильмен бір мәдениет қалыптастыру жолынан өткен жалғыз қала деп айтуға болады.  Айырықша жолы Денизлиге баратын азаматтар міндетті түрде тоқыма өнімдерін көрген болу керек.

Ежелгі дәуірде де Денизли және төңірегіндегі байлықтың негізгі көзі – текстиль.  Осыған байланысты жетілген сауда. Ежелгі дәуірдің ең маңызды конфекция орталығы   Денизлидегі Лаодикея ежелі қаласы болатын.

Осы аймақта өндірілген маталарды алу бір абырой болатын. Маталар адамның талғамы және жылдың сәніне қарай тігіліп, тұтынушыға ұсынылатын еді.

Лаодикеяда мыңдаған жылдық мата табылды

 Тоқыма шаруашылығында қолданылған құралдар мен Лаодикеяда да орын алған алғашқы тоқыма мата қалдықтары тоқу тарихының ежелгі дәуірлерге дейін баратынын дәлелдейді.

7 мың жыл бұрыннан қалған тоқыма станогының бөлшектері

Бұрын Денизлинің текстиль тарихы 2 мыңыншы жылдарға дейін барады деп айтылатын. Алайда Лаодикея ежелгі қаласы қазбаларында 7 мың жыл бұрыннан қалған тоқыма станогы бөлшектері табылды.

Лаодикеяның байлығы ежелгі дәуірде дастан болған. Бұл байлықтың ең үлкен қайнар көзі осында бағылған қой түрі және осы қойдың жүнінен алынған жіптер. Артынан жіптер ағаштан жасалған тоқыма станоктарында бірлестіріліп матаға айналды.

Тоқыма шаруашылығы мәдениеті археологтарға қарағанда тарихтан бұрынғы дәуірлерде көптеген өркениетте өнерге айналды.

Денизли аймағы әсіресе біздің дәуірден кейінгі 2-3-ғасырларда даму жағынан алтын дәуірін басынан өткізген.  Қалада тоқылған маталар Италияға дейін экспортталды.  Текстиль өнімдерінің өндірілуі және боялуы, кілем мен алаша тоқу жағынан Иераполис, Лаодикея және Колосса қалалары ежелгі дәуірдің зауыыты секілді болған.

Лаодикея маталары әлі өндіріледі

Ежелгі дәуірде атақты болған Лаодикея жіптері бүгінгі күні дәстүрлі әдіспен тоқылуда. Бұл ерекше жіптер Денизлиде өндіріліп, төңіректегі аудан мен қалаларда Булдан матасы, Дасдар секілді есімдермен танымал.

Бүгінгі күні де Денизли текстиль өндірісі артып жалғасқан бір экспорт орталығы. Әрине қазір өндіріс үлкен өнеркәсіп аймақтарында,  алпауыт зауыттарда жүргізілуде.  Денизли текстиль саласында әлем  көлемінде қол жеткізген табысын 7 мың жылдық тамырлы тарихына қарыздар.

185 елде Денизли өнімдері

 Ежелгі дәуірде болғаны секілді бүгінгі күні де бүкіл әлемге Денизлиде өндірілген текстиль өнімдері экспортталуда.  2022 жылы Денизлиден 185 елге экспорт жасалды.  Ең көп экспорт жасалған ел болса 624 миллион доллармен Ұлыбритания болды.

Бүгінгі күні әлемнің түкпір-түкпірінде «Made in Denizli» деген жазуды көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар