«Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам»

Неге десеңіз?-07

2100514
«Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам»

Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамды жақындатын да тіл, алыстататын да – тіл. Адам қанша тіл білсе, сонша елдің мәдениетін таниды. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деп халық даналығы  бекер айтпаса керек. 20-шы ғасырдың басында Витгенштейн «Тілімнің аясы– менің әлемімнің аясы» деген сөзі адамның ой аясын түсіндіруде. Айтпақшы айтылғанның бәрі ойлаудың жемісі болғандықтан, ойды жеткізе білу де тілге қатысты болды. Оқиғаларды немесе тәжірибелерді әртүрлі тілде жеткізе алудың өзі қанмаша маңызды екені баршаға аян.

***

Ана тілі--белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл. Ана тілі--адам үйренбейтін, көп нәрсе сияқты меңгеретін құбылыс. Сәбилер тілді үйренбейді, олар оны меңгереді. Біз ана тіліміз арқылы дүниені танып, жақын ортамызбен араласамыз. Кез келген тірі жаратылыс бүгінгі тілмен айтқанда, өркениеттің жеткен деңгейінде біраз жаңартуларды қажет етеді.

***

Қазіргі әлем кез келген жерде, кез келген уақытта қарым-қатынас жасауымызға мүмкіндік береді. Әр секунд сайын миллиардтаған мазмұн әлемнің түкпір-түкпіріне жетеді. Жүз жыл бұрын француз тілі ортақ тіл болып саналса, осы таңда  ағылшын тілі сөзсіз әлемдік тіл болып табылады. Бүгінгі әлемде не болып жатқанын қадағалау өте оңай. Интернеттің арқасында біз әлемнің кез келген бұрышына қол жеткізе аламыз. Жас кезінен шет тілін үйренудің психикалық пайдасымен қатар, зерттеулер оның физиологиялық пайдасын да дәлелдеп отыр.

***

Мен шет тілдерін үйреріп жатырмын. Өйткені  мен әлемде болып жатқан оқиғаларды лезде бақылай аламын.



Ұқсас жаңалықтар