Түркияның табиғи газ орталығы болу бағытында басқан қадамдары

Энергетика әлемі – 4

2091519
Түркияның табиғи газ орталығы болу бағытында басқан қадамдары

Түркияның табиғи газ орталығы болу бағытында басқан қадамдары

Энергетика бойынша орталық ел: Түркия

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде Түркияның табиғи газ орталығы болу бағытында басқан қадамдарын талқылаймыз.

Энергияда орталық ел болуға дайындалып жатқан Түркия халықаралық табиғи газ құбыр желісі жобалары арқылы Ресей, Әзербайжан және Ираннан табиғи газ жеткізуде.

Түркия халықаралық табиғи газ жобаларымен аймақтағы энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігіне үлес қосқанымен, табиғи газ саудасы жасалған және бағасы белгіленетін орталық болу үшін күш-жігерін жылдам жалғастыруда.

Ресейдің табиғи газын сыртқы нарықтарға экспорттау үшін Түркияда бір газ орталығын құру ұсынысынан кейін бұл зерттеулерге арналған жол картасы бағытында дайындық жұмыстары жалғасуда.

Фракия аймағында құрылуы жоспарланған табиғи газ орталығымен Түркия Еуропаның ең үлкен газ жеткізушісі, өндіруші елдердің де энергетикалық экспортын арттыратын орталық ел болуға дайындалуда. Фракияда орынды анықтау жұмыстары аяқталып жатқанда, орталықты ағымдағы жылы құру мақсат етілуде.

Делегациялар Мәскеу-Анкара желісі бойынша үздіксіз қатынап, жобаның соңғы сатысында жұмыстар жалғасуда.

Түркияда қазіргі таңда барлығы 7 халықаралық табиғи газ құбыр желісі, 2 қалқымалы қойма және газдандыру қондырғысы, 4 сұйытылған табиғи газ (СТГ) қондырғысы және 2 жерасты табиғи газ қоймасымен мықты бір инфрақұрылымына ие.

Халықаралық жобалардың бірі «Түрік ағыны» Ресейдің Анапа қаласынан Кыркларелинің Кыйыкөй ауылына дейін созылатын әрқайсысы 930 шақырымдық екі теңіз желісінен тұрады. Желілердің бірі Түркияның ұлттық желісіне қосылса, екіншісі Түркиядан транзит өтетін газдың Еуропаға тасымалдануын қамтамасыз етеді. Әрбір желі жылына 15,75 миллиард текше метр газды тасымалдау күшіне ие.

Ресейден Қаратеңіз арқылы өтетін желімен Түркияға жеткен «Көгілдір ағын» табиғи газ желісі жылына 16 миллиард текше метр газды жеткізуді қамтамасыз етеді.

Әзербайжан табиғи газын Түркия және Түркия арқылы Еуропаға жеткізетін Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі (TANAP) қазіргі таңда 6 миллиард текше метр Түркияға, 10 миллиард текше метр Еуропаға, барлығы жылына 16 текше метр  газ тасымалдайды.

Күшін 32 миллиард текше метрге дейін ұлғайтатындай жоспарланған «TANAP»-тың қуатын арттыратын жұмыстар да жалғасуда.

«TANAP» Еуроодақ елдеріне табиғи газ тасымалдайтын Грекия шекарасындағы Транс Адриатикалық құбыр желісіне қосылған.

Түркия Әзербайжаннан Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыр желісі арқылы да газ жеткізе алады.

Шығыс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жыл сайын Ираннан Түркия нарығына 10 миллиард текше метрге дейін табиғи газ жеткізеді.

Түркия болашақта нарыққа жеткізілуі ықтималы жоғары болған Жерорта теңізінің шығысы, Түрікмен және Ирак табиғи газын Еуропа нарықтарына жеткізу тұрғысынан да маңызды.

Түркия табиғи газ әртүрлілігін Орталық Азия Түрік Республикаларымен қол қойылатын келісімдер арқылы кеңейтуді қалайды. Осы бағытта Түрікменстан табиғи газын Зеңгезур дәлізінің ашылуымен Каспий теңізі арқылы Түркияға тасымалдау нысанаға алынып отыр. Желінің Түркияның ұлттық жүйесіне қосылуымен бірге Түркияның Еуропаның энергетикасын қамтамасыз ету қауіпсіздігіндегі маңызды рөлін одан әрі арттыруды мақсат етеді.

Энергетикамен қамтамасыз ету қауіпсіздігі және ресурстардың әртүрлілігін қамдау тұрғысынан бүкіл әлемде орын алған энергетикалық дағдарыста маңыздылығы одан нақтырақ түсінілетін СТГ инфрақұрылымында Түркия тиімді тұғырда орын алады.

Түркияның алғашқы қалқымалы СТГ сақтау және газдандыру қондырғысы болып табылатын және Измирдегі «Etki Port» кәсіпорны тарапынан басқарылатын орынның желіге күніне 20 миллион текше метр табиғи газ жеткізу мүмкіндігі бар.

Түркия тапсырысымен жасалған соңғы жобалардың бірі Дөртйолдағы қалқымалы СТГ сақтау және газдандыру қондырғысы терминалы және «Эртуғрул Гази» кемесі болса әлемде шамамен 40 дана бар қалқымалы СТГ сақтау және газдандыру қондырғысының соңғы үлгілерінің бірі болып табылады.

Жылына шамамен 2,5 миллиард текше метр газдандыру қабілетіне ие «Эртуғрул Гази» кемесі 170 мың текше метр СТГ сақтай алады. Табиғи газдың қысылған түрі болып табылатын СТГ шамамен 600 рет сығымдалып, сұйық күйде тасымалдана алады.

«Ертуғрул Гази» кемесі сақтай алатын сұйытылған табиғи газ шамамен 110 миллион текше метрді құрайды, ал кеменің максималды тәуліктік газдандыру сыйымдылығы 28 миллион текше метрді құрайды.

Измирдегі «EgeGaz LNG» терминалы да 170 миллион текше метр табиғи газ сақтау сыйымдылығы және 40 миллион текше метр күнделікті тасымалдау мүмкіндігімен Түркияның СТГ инфрақұрылымына үлес қосуда.

«BOTAŞ» басқаратын «Marmara Ereğlisi LNG» терминалы тәуліктік газдандыру сыйымдылығы күніне 37 миллион текше метр газдандыру қуаты және әрбірінің сыйымдылығы 85 мың текше метрді құрайтын үш резервуарымен энергетикалық қамдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

2022 жылдың соңында ашылған «Saros» қалқымалы СТГ сақтау және газдандыру қондырғысы нысаны да Мармара аймағының жеткізілім қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосуда.



Ұқсас жаңалықтар