Стамбулдағы польшалықтар ауылы - Полонезкөй

Капитанның борт журналы - 39

2087975
Стамбулдағы польшалықтар ауылы - Полонезкөй

Стамбулдағы польшалықтар ауылы - Полонезкөй

Стамбулдың Анадолы жағында қаланың күйбең тірлігінен қысқа уақытта алыстауыңызды қамдайтын Бейкозды тануды жалғастырамыз.  Бейкоз қала орталығынан едәуір қысқа уақытта жетуге болатын бір қашықтықта.  Табиғаттың ортасында, жап-жасыл және тыныш жер. Негізінде қаланың ішінде, бірақ өте алыста секілді сезінесіз.  Мен осындай жерлерді «сиқырлы жер» деп атаймын, себебі сізге үлкен қаланың ішінде екеніңізді ұмыттырады. Рухыңыз дереу басқа бір уақытқа және басқа бір мекенге көшеді.

Тарихта кейде адамдар үйлерін, жақын адамдарын және тіпті елдерін тастап,  жаңа бір жерде, жаңа бір елде жаңа өмір бастауға мәжбүр болады. Бұл кейде жаңа дін қабылдағаны үшін зұлымдыққа ұшырауынан болады.  Бейкозда да осындай бір жер бар.  Хикаясы да қызықты.  Қайығымызды Бейкоз кемежайына қалдырып,  сапарымызды қызықты бір жерден, Польшадан келгендер тарапынан құрылған Полонезкөйден бастаймыз.  Жасылдар арасындағы осы тамаша жер Полонезкөй қазір үлкен жерді қамтып жатқан табиғат саябағы. Полонезкөйдің хикаясын сіздерге айтып береміз. Бізді күтіп тұрған көлікке мініп, теңізден ішке қарай саяхатымызды бастайық.

Полонезкөйдегі сапарымыздан бұрын сізді тарихта бір саяхатқа алып шыққым келеді.  Себебі Полонезкөйдің хикаясы тарихта болған оқиғалармен тығыз байланысты.  18-ғасырдың аяғына қарай Польша территориясы Ресей, Австрия және Прусия арасында бөлісіледі. Осы бөлісуді қабылдай алмаған лехтер көтеріліске шығады, алайда қатты бастырып тастайды.  Нәтижеде олар көшуге мәжбүр болады. Лехтердің көбі Еуропа қалаларына көшеді. Бір бөлігі Османлы мемлекетін паналап, Польшаның тәуелсіздік күресін Осман жерінде жалғастырады. Осында бір ауыл сатып алады және бастапқыда 12 адам қоныс тебеді.  Артынан осы ауыл Польшадан келген босқындарға пана болады.  Міне, осы ауыл сол кездегі атымен Адампол бүгінгі атымен Полонезкөй. Османлы мемлекеті ауылды басқаруды польшалықтардың өздеріне береді және Осман жеріндегі осы ауыл Польша шекарасы тысында құрылған алғашқы ауыл болады.  Полонезкөй  ауылы отандарынан алыста жүрген лехтер үшін жаңа отан болады.  Әлемге әйгілі түрік сопрано Лейла Генжер де осы Полонезкөйде өмірге келеді.  Полонезкөй атақты пианист Франц Лист,  жазушы Густаве Флауберт, Польша президенті Лех Валеса және Александер Кваниевскийді қонақ қылады.

Мен біраз көп сөйлеп кеткен болуым керек,  бірақ Полонезкөйдің хикаясын ұнаттыңыздар деп ойлаймын,  келіңіз енді осы хикаялар болған жерді жақыннан көрелік.

Ауылдың кіре берісінде бізді Мәриям ана шіркеуі қарсы алады.  Полонезкөйде салынған алғашқы шіркеу жер сілкінісінде құлаған соң орнына жаңасы салынады. Шіркеу Бірінші дүниежүзілік соғыста түрік армиясы тарапынан штаб ретінде қолданылған.  Мына тамаша бақша ішіндегі шіркеу бүгінгі күні фестивальдер мен түрлі шаралар үшін де қызмет береді.

Біраз жылжып,  Польша-Түркия достығының символына айналған София Рызы мемориалды үйіне барамыз.  Осы үй сол кездің ең маңызды үйлерінің бірі ретінде танымал. Себебі Польша дәстүрлері ұмытылмаған, ішінде кітапхана және маңызды картиналар орын алған. Ол түпнұсқасынан ешнәрсе жоғалтпастан келушілерін қабылдайды. Полонезкөйдегі тұрғындардың қандай тұрмысы болғанын,  қандай үйлерде тұрғанын осы мемориалды үйде көруге болады.  Ішке кіріп,  ауыл тарихы туралы пікір беретін суреттер мен құжаттарға қаралық.

Ауыл алаңының артқы жағындағы алаңда  ағаш ою мүсін көрмесі мен түрлі түсті әйнек моншақтар жасалатын өнер орталығына да баралық.  Артынан сіз өзіңіз аралаңыз.  Қаласаңыз, серуендеп, қаласаңыз велосипед мініп қыдыруға болады.  Орманда таза ауада жүріп,  осы ауыл естеліктеріне ойша шомуға да мүмкіндік бар.

Бүгін көптеген адам Польшадан келгендер құрғанын біле бермейтін Бейкоздағы Полонезкөйге бардық. Сапарымызда бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз.



Ұқсас жаңалықтар