Түркия-Ирак қарым-қатынастарының энергетикалық тұғыры

Энергетика әлемі – 2

2085570
Түркия-Ирак қарым-қатынастарының энергетикалық тұғыры

Түркия-Ирак қарым-қатынастарының энергетикалық тұғыры

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде Түркия-Ирак қарым-қатынастарының энергетикалық тұғырын егжей-тегжейлі қарастырамыз. Анкара-Бағдат желісіндегі жаңа серіктестіктердің жаһандық энергетика саясатына әсерін талқылаймыз.

GEÇİŞ

Түркия-Ирак қарым-қатынастары соңғы уақытта өте жақсы бағытта жүріп жатыр. Екі ел арасындағы сауда көлемі шамамен 25 миллиард долларды құрайды. Тараптар арасындағы қарым-қатынастың жетілумен бұл деңгей одан әрі артады деп болжалуда.

2024 жылы Анкара-Бағдат қарым-қатынастары маңызды тұғырға көтеріледі деп күтіледі. Өткен жылдың сәуір айында тоқтаған Ирак-Түркия шикі мұнай құбыр желісіндегі мұнай ағыны дипломатиялық бастамалар нәтижесінде қайта басталмақ.

Киркук-Юмурталык шикі мұнай құбыры жылына 70 миллион баррельден астам тасымалдау күшіне ие. Алдағы кезеңде желінің күшін арттыру да күн тәртібінде.

Түркия-Ирак қарым-қатынастары энергетика шеңберінде дамып келе жатқанда, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға қатысты ең маңызды қадамдардың бірі де «Даму жолы жобасы» болып табылады.

Жоба 1200 шақырымдық теміржол және автокөлік жолы арқылы Түркияны Парсы шығанағындағы Фау портымен байланыстырады. Ирак Жібек жолы деп аталған жоба Еуропадан шығанақ елдеріне дейінгі кең бір аймаққа ықпал етіп, ортақ пайда әкеледі.

Тек қана Ирак емес, Катардан бастап шығанақ елдері табиғи газының Еуропаға тасымалдануы қысқа әрі экономикалық бір бағытпен мүмкін болады. Түркияның энергетика экспорттық әлеуетін арттырады.

Түркия бұл жобамен Ирактың энергетика резервтерін әлемдік нарықтарға жеткізіп, энергетика саудасында белсенді рөл атқарады. Басрадан Түркия шекарасына дейін созылатын автокөлік және теміржолы қатынас дәлізінің құрылысына арналған «Даму жолы жобасы» Түркияның энергетика саласындағы бәсеке қабілеттілігіне ықпал етеді.

«Даму жолы жобасының» іске қосылуымен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауда Суэц каналына да үлкен бәсекелес болады.

Ирактың дәлелденген мұнай қоры шамамен 145 миллиард баррель екені белгілі. Бұл көлем әлемдік мұнай резервтерінің шамамен 8 пайызына және Таяу Шығыстағы мұнай қорының 17 пайызына сәйкес келеді. Ирак мұнайы өндіріс шығыны тұрғысынан әлемнің ең арзан мұнайларының бірі ретінде белгілі.



Ұқсас жаңалықтар